0 дауыс
900 көрілді
Атқа мінгенде қандай сезімде боласыңдар? Қорықтыңдар ма? Не үшін?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
кейбір адамдарға қорқынышты бірақ өте қызықты (сенімен біреу отырмаса)(nod)
+1 дауыс
Атың үстінде өсіп, машинаның ішінде өмір сүріп келемін.:D
0 дауыс
Жоқ еш қорыққан жоқпын.Ең алғаш атқа 4 жасымда отырдым
0 дауыс
Атқа тек 2 рет мініп көрдім! Қорыққан жокпын:)
0 дауыс
Атқа көп міндім,кішкентай кезімде,атым асау жынды айғыр еді , бір күні сол атпен қыдырып жүрсем, атымның көзі бір сұлу биеге түсе кетпесі бар ма, маған бағынбай соны қуа жөнелді.Анау бие тауға қарай қашты ,артынан қуып келеміз,атымның жүгенін тартсам да маған бойбермей шауып келе жатыр.Таудан асып өтіп бидайдың арасында шауып келеміз.сосын тегіс жерге шыққан соң,анау бие қатты шаба бастады,менің асау атым да қатты шапты,қатты шапқаны соншалықты,үстінде отырған мен аспанға қалықтап ұшып барып жерге құладым.Есімді жинап қарасам ана екі ат любов болып тұр екен,маған қарап, бардым да секіріп мініп үйге қайттым.Асау атым су тер болып,болдырып шаршап сүмірейіп қалыпты.Анау бие де әбден риза болған екен артымыздан қалмай біздің үйге келді ғой.Ертесіне егесі келіп алып кетті.Қазір оның ұрпақтары көкпарды бермей жүр дейді,ОҚО командасына. Қазір телевизордан көкпар көрсем сол баяғы асау айғырым есіме түсе береді.
0 дауыс
Қаланың баласымын.Бала кезімде ауылға жездемнің үйіне жиі баратынмын.Бір күні жездем мені атына отырғызды.Ат мені алып қашып ауылдағы үйлерді айнала шаба жөнелді. Менің зәрем ұшып қатты қорықтым.Бір кезде ат жездем күнде баратын үйдің алдына тоқтай қалды.Содан тұрмыз.Алыстан жездем көрінді.Мен айғайлап,"аға болсайшы" деймін.Бір кезде үйден жездемнің жеңгесі шықты."Жай келдің бе?,-дейді маған."Жай әшейін",-деп қоям,қорыққанымды білдірмей.Жездем келіп мені түсіріп алғанда қуанғаным-ай.Осы бір қызықты оқиға есіме балалық кезімді түсіреді.
...