Сатушы нені сатып жатқаны жайлы толық ақпараты болуы керек. Ол тауарды жарнамалағанда бәрі сапасына сәйкес келіп тұрса, келесі жолы да адамдар сеніп, өзінің таныстарына да сөз арасында ақпарат беріп қалады. Ол арқылы сатып алушылардың саны көбейе түспек. Егер сапасыз тауарды өтірік мақтап, өткізсеңіз, бұл тек бір жолы ғана болады. Өзіміз де таныстарға өзіміз пайдаланып көрген, жарнамасы ұнаған, көңілден шыққан тауарларды ұсынып жатамыз. Сондықтан, барынша сапалы затты, лайықты етіп ұсынған дұрыс.