0 дауыс
4.8k көрілді
Тағамдық токсиндер деген не?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
ТАМАҚ ПЕН ТАМАҚТАНУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Адам ағзасы көптеген заттардан тұрады – олардың бәрі ағзаға тамақ өнімдерімен түседі. Адам бірнеше апта бойы тамақтанбаса өліп қалатындығы белгілі: ал нашар тамақтанатын болса, ол жүдеп әлсірейді. Ағзаның қоректік заттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін сан алуан тағамдардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ететін рационды (ас үлесін) теңгерілімденген қоректену деп атайды.

Микроағзалар түскен тамақ өнімдері тағамдық улану тудыруы мүмкін. Токсиндер тамақ өнімдерінде микроағзалардың аса көп мөлшерде көбеюінің нәтижесінде оны тамаққа пайдаланғанша түзіледі.

Тамақ өнімдерінде жиірек кездесетін микроағзалар мен токсиндерді қарастырайық:

ботулизм – 10-400 С-та анаэробты дамиды. Бұл ауру қоздырғыштары көбіне шикі сан еттер мен балыққа жұғады. Олардың споралары жылудың әсеріне аса төзімділігімен ерекшеленеді. Уланудың екі клиникалық түрі бар:

а) жедел түрі – инкубациялық кезеңі 12-36 сағат, симптомдары: дауыстың қырылдауы, бас ауруы, жүректің айынуы, құсу, ауыздың құрғауы, көздің қосарландырып көруі;

б) жеңіл түрі – инкубациялық кезеңі ұзақ мерзімге (бірнеше тәулік), жеңіл симптомдар байқалады.

Емдеу уытқайтарғы сарысуларды пайдалануға негізделген. Жұқтырып алудың ауыр жағдайларын емдеудің тиімділігі диагноздың қаншалықты тез қойылғандығына байланысты болады.

стафилококты энтеротоксиндер (мысалы, стафилококты маститпен ауыратын сиырдың сүтінде)

“саңырауқұлақтар” тудыратын тағамдық микотоксиндер (мысалы, В1 анфлотоксиннің белгілі гепатоканцерогенді заттардың ішінде аса күшті әсер етуші болып табылатындығы анықталды).

патогенді бактериялар (мысалы, Salmonellae бактериялары).

Тағам инфекциялары (жұқпа) мен улануларды стафилококты энтеротоксиндер, Salmonellae бактериялары тудырады, жаппай ботулизм оқиғалары сирек кездеседі.

Қауіпсіздік шаралары – тазалық, жеке бас гигиенасы, азық-түлікті суықта сақтау, бір рет қана пайдалануға жарайтын ыдыс-аяқ.

Тамақтану қауіпсіздігі жөнінде бірқатар ұсыныстар:

көгеріп кеткен азық-түлікті тамаққа пайдаланбаңыз! Есте сақтаңыз, зең азық-түліктің ішіне өтетін, көзге көрінбейтін токсиндерді (афлатоксиндерді, охратоксиндерді және т.б.) бөледі;

афлатоксиндер температураға аса төзімді келеді, олар күн сәулесінің немесе УК-сәулелендірудің әсерінен ғана бұзылады;

афлактоксиндер жеміс-жидектерді және т.б. өңдеу өнімдеріне өтеді. Сондықтан көгерген өнімдерді шарап, шырын, мармелад және т.б. дайындау үшін пайдаланбаңыз;

жер жаңғақта, жасымықта, қабығы бар жаңғақта, өрік сүйектерінде афлатоксиндер көзге айқын көрінбейтін көгерулі және білінбейтін көгеру иісінсіз болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз;

токсикалық (уытты) заттар азық-түлікті дұрыс сақтамағанда пайда болуы мүмкін. Мәселен, сүйекті жемістерден жасалған спирт тұнбаларын ұзақ уақыт бойы сақтағанда ерітіндіге күшті у-көгерткіш қышқыл түседі;

картопты жарық көзіне сақтағанда, әрі, ол өскенде соланин түзіледі. Ол картопты жасыл түске бояйды. Соланинмен улану өлім қаупін тудырмайды, бірақ оны болдырмаған жөн. Жасылданған картопты мұқият тазалай отырып, “көздерін” алып тастау керек;

тамақ өнімдерін орау үшін газет, журнал, қаптама қағаздарын пайдаланбаңыз: оның құрамында көп мөлшерде қорғасын мен кадмий болуы мүмкін;

шойын табаны пайдаланғанда тамақ өнімдері темірді азырақ сіңіретінін ескеріңіз;

мыс пен қорғасынның азық-түлікпен экстрациялану деңгейі ыдыстың қанша уақыт ұсталғанына байланысты. Ұзақ мерзім пайдаланылған соң мысты жауып тұрған қалайы қорғаныш қабатының тиімділігі кемиді;

құрамында кадмийдің біршама мөлшері бар мырыш сұйытылған қышқылдармен тез ериді, сондықтан ыдысты құрамында қышқылы бар тамақ өнімдерін сақтау үшін пайдалануға болмайды;

алюминидің ерігіштігі және оның тамаққа түсуі сілтілік немесе қышқылдық ортада артады.

қалбыр банкасын ашып, оны бөлме температурасында сақтаған соң қалайыланған қаңылтырдан тағамға өткен қалайының мөлшері артады;

қаңылтыр банкілердегі тағамға қалайының өтуі нитраттар болған кезде арта түседі; әрі мұнда нитриттар болғанда қалайының уыттылығы жоғарлайды;

тамақтануда тағам талшықтарын көбірек пайдаланыңыз (яғни, жеміс-жидектер оның көзі болып табылады): олар ағзадан зиянды алмасу өнімдерінің, ауыр металл тұздарының шығуына ықпал етеді.

2.3.1. Тағаммен уланғанда өздігінен ем жасау қауіпті!

Тағаммен уланудың кейбір белгілері – іш ауруы, құсу, ішектің қызметінің бұзылуы – басқа аурулардың симптомдарына ұқсас (мысалы, гастриттің немесе холециститтің) немесе кейбір тамақ өнімдерін ұнатпаудан, аллергиядан және азық-түліктің уытты әсерімен тікелей байланысты емес басқа да себептерден туындауы мүмкін. Сондықтан кейде өздігінен ем жасау денсаулыққа аз зиян әкелмейді. Мысалы, тағаммен уланғанда жиі қолданылатын асқазанды жууды көп жағдайда құсумен де жүретін жүрек инфарктісінде (талмасында) қолдануға болмайды. Іштің ауыруы тән аппендицит кезінде де асқазан жуу мен грелканы пайдалануға болмайды. Міне, ішек қызметінің бұзылуының алғашқы белгілері білінісімен-ақ дәрігерге қаралу қажеттілігі сондықтан. Әрине, аурудың себептері айқын белгілі болған жағдайда (балықтың сәл иістеніп кеткендігін еске түсірдіңіз, бірақ оған мән бермедіңіз т.с.с.) дәрігер келгенше кейбір шараларды жасау қажет – бірінші кезекте асқазанды марганецтің әлсіз ерітіндісінің көмегімен тазалау керек. Бірақ, бар болса, ауруды тудырғанына күмәнданатын тағамның қалдықтарын, ол салынған ыдысты сақтап қойған жөн, сырқаттың шығындыларын жинау керек. Бұл дәрігердің диагноз қойып, қажетті емді тағайындауына жәрдемдеседі.
...