0 дауыс
Төле бидің Қазыбек биге берген батасы керек еді.
10.04.2016 9.0k қаралым

1 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып-ашқан қаріптің,
Жел жағына жота бол!

Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп, қас сыйлар,
Асу бермес дана бол!

Төле би бата беріп жайды қолын:
Қалидай нұрлы болсын оң мен солың,
Рүстем дастанындай мәшһүр болып,
Қарағым, қайда барсаң, болсын жолың!
10.04.2016

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы