0 дауыс
14.9k көрілді
Су адам ағзасына не үшін қажет?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Арық бар жерде су бар,су бар жерде нұр бар демекші,сусыз тіршілік жоқ.Суды ішеміз, моншада сумен жуынып, оның ыстық буын пайдаланамыз.

Судың адам ағзасына пайдасы,шипасы, қажеттілігі:
1. Су дене температурасын тұрақтандырады.
2. Азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды.
3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.
4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
5. Денені жарақаттанудан қорғайды.
6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады.
8. Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың атқаратын міндеті мол.
9. Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады.
Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.
Қажетті мөлшерде су ішпегенде
1. Мидың жұмыс істеуі баяулайды.
2. Қан қоюланады.
3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
4. Нәжіс сары түсті болады.
5. Іш қатуына (запор) себеп болады.

Ал су жетіспегенде:
1. Бас ауырады.
2. Бас айналады.
3. Шаршау, әлсіздік пайда болады.
4. Ойдың тынықтығы бұзылады.
5. Тәбетсіздік туады.
6. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны жөн.
...