0 дауыс
5.5k көрілді
Радиацияның адам ағзасына әсері қандай?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Радиацияның адам ағзасына әсері қандай? Қазіргі уақытта дүние жү­зін радиацияға байланыс­ты үрей жайлаған. Жапония­дағы атом электр станция­ла­­рындағы апат салдарынан радиоактивті тозаң АҚШ, Ресей, Қытай жерлеріне тү­сіп жатыр. Ол желмен, жаң­быр­мен жете­ді. Құдай бетін аулақ ет­сін, ондай тозаң Қазақстанға жетпейтінін Қор­­шаған ортаны қорғау ми­нис­трі мен «Қазгидромет» меке­месінің директоры айтып отыр. Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ал одан қорғаныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғылым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәулеленгенін сезбейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесі бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады. Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім. Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді. Толығырақ: http://baq.kz/kk/news/3378?PHPSESSID=93db381c3243aabdf8f4faf707075623
0 дауыс

Қазіргі уақытта дүние жү­зін радиацияға байланыс­ты үрей жайлаған. Жапония­дағы атом электр станция­ла­­рындағы апат салдарынан радиоактивті тозаң АҚШ, Ресей, Қытай жерлеріне тү­сіп жатыр. Ол желмен, жаң­быр­мен жете­ді. Құдай бетін аулақ ет­сін, ондай тозаң Қазақстанға жетпейтінін Қор­­шаған ортаны қорғау ми­нис­трі мен «Қазгидромет» меке­месінің директоры айтып отыр.

Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір ке­дергісіз ене береді. Ал одан қор­ға­ныс амалы мен ағзадан шығарып тастау жолын ғы­лым мен медицина әзірге таппай келеді. Сондықтан адам өзінің сәуле­лен­генін сез­бейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. Ондайда бүкіл дененің жасушаларындағы атомдар қозғалады да, биохимиялық процес­тер өзге­реді. Оның соңы ағ­заның тұ­тастай жүйесі бұзылуына, іш­кі органдардың іс­тен шыға бастауына апарып соғады.

Ғалымдар адам ағзасы шамамен 10 триллион жасушадан тұ­ратынын айтады. Ағза сәулеленгенде миллион жасушаның қалпы айнып, оның әрбірі қатерлі ісікке ду­шар болады. Ондай жасушалар саны жылдам көбейе бас­­тайды. Нәтижесінде ісікке бой алдырған жасушалар ар­тып, оның соңы аты жаман ау­руға алып барады.

Жай тұрмыста аз мөл­шер­­­дегі сәуледен қорғануда йодтың пайдасы бар. Оның дәрі түріндегі күнделікті мөл­шері болады. Йодты ең көп қолданатындар – жапондар. Олардың түрлі тағамдар мен сусындарына да йод қосыла­ды. Жапондар йодты Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы белгілеген күндік мөл­шерден 108 есе артық қолданады. Ағзаға енген қоздыр­ғыш таяқшалары йодқа төтеп бере алмайды. Жапондардың интеллектуалдық дең­гейі жоғарылығы мен ұзақ өмір сүруінің себебі осы йод­қа байланысты болуы да мүм­кін.

Украинада іштегі шараналардың омыртқаларынан радиация табылыпты. Бұл – әл­деқашан өтіп кеткен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың сал­дары. Сол шараналар өмір­ге ке­леді-ау, бірақ есейгенде қатерлі ісік ауруларына шалдығатынын мамандар осы бастан болжап отыр. Шарананың сүйегіне жүргізілген зерттеу нәтижесі Чернобыль аймағында радионуклидтер омыртқаға, тіске және қабыр­ғаға өте тез жиналатынын көрсеткен. Болашақ сәбилер­дің үлкейгенде ісік ауруларына шалдығу мүмкіндігінің жо­ғары екені жергілікті тұр­ғындарды қатты алаңдатып отыр. Украинада қалқанша без қатерлі ісігі ауруының кө­бейгені Чернобыль АЭС-інде болған апатпен тікелей байланысты екен.

<p "="">Сәулеленуден күнделікті өмірде қорғанып жүруде көк шайдың да пайдасы бар. Сондай-ақ апельсин жемісі де өте аз мөлшердегі радио­активтік сәуленің бетін қайтаруға септігін тигізеді. Мамандар осылай деп жатыр.

...