Жұмбақ қыз!
Маған түсініксіз мін тақсаңызда, менің сізге жауап бермес бұрын, сіздің осы сайттағы қоржыныңыздағы сұрақ-жауабыңды ақтарып, оқып шықтым. Маған сіздің сөйлемді саптап, қатесіз жазып, оны жақсы түйіндей білетініңіз ұнады, жарайсыз. Тек тыныс белгіден кейін, бір ашық орын қалдырсаңыз, өтініш. (СМС-тен қалған, әдет қой, түсінемін)
«Сын айтылмай, мін түзелмейді» деген де бар, осы мәтел секілді, қазақтың әр сөзінде тәрбиелік мән жатқан мақал-мәтелдерін өз орнымен пайдалану керек. Ал, енді осы сайтта маман, редактор, мадераторлар бар дейсіз, бірақ сол мамандардың өздері (барлығы бірдей емес) қате жазып жатса, біз соларға қарап үлгі алмаймыз ғой. Кішкентай сын айтсаң болғаны, өшіре кетеді. Неге???
Құрметті сайт мамандары, екі ауыз сөздің өшірілмеуін сұраймын...