+1 дауыс
15.3k көрілді

қазақ тілі, тіл

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өзінің ана тілін, мемлекеттік тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз бұрмалануына қарсы тұруы тиіс.

Алғашқы 1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған "Тіл туралы” Заңда "Тіл  - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында "Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы қазіргі уақытта үнемі айтып келеді. Осының өзі Елбасымыздың мемлекеттік тілге деген үлкен құрметі деп білемін.

Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіліміз – ең басты байлығымыз. Менің пікірім әрбір Қазақстандық азамат оны білу керек деп есептеймін.

Қазақ тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыздың айтқанындай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде Мемлекеттік тілге, ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Әрбір мекемеде мейлі ХҚКО-да болсын басшыдан бастап сол мекеменің техникалық персоналына дейін осы ұғымды есте ұстау керек деп ойлаймын сонда ғана біздің мемлекеттік тілге деген құштарлығымыз арта түседі.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі алпауытты елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз ол, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген, құрметтейтін ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайды. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері оның ішінде, өзіміз де жанұямызда ұл-қыздарымызға Қазақстанның халқы туралы, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс-әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, тілін-мемлекеттік тілін білуі міндетті екендігін естеріне салып ал, білмегендерге түсіндіріп, үнемі бас қосқан көпшілік орындарда, жиындарда ортаға салып отыруымыз қажет деп ойлаймын, сонда ғана Мемлекеттік тіліміз, қазақ тіліміздің деңгейі жоғарғы сатылардан көрінеді демекпін сонымен қатар, Мемлекеттік тілді дамыту ісінде бұқаралық ақпарат  құралдары (БАҚ) алдыңғы қатардан табылып, бұл істердің игілікті болуы үшін  бір атаның баласындай үлес қосулары тиіс.

Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық Құрметті әріптестер. Әрбір адам өз ана тілін білуі және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, Мемлекеттік тілді дамыту үшін, бұл істе ала болмай, түгел болып кіріссек, көздеген мақсатқа тездетіп жетуге болатынына сенімдімін. Қазір ХҚКО ғимараттарында Тіл туралы, іс-жүргізу нормативтері, ХҚКО-дағы құжаттар айналымы  туралы  стенділер ілінулі тұрғандығын айта кеткім келеді, күнделікті жүргізіліп жатқан іс-қағаздар, өткізіліп жатқан семинар-кеңестер қазақ тілінде орындалуда міне осының өзі мемлекеттік тілге деген құрмет оны әрі қарай дамытуға қосып жатқан үлестер деп білемін және мемлекеттік тілге деген қамқорлықтың оны дамытудың белгісі деп ойлаймын.

Сөз соңында өзімнің баяндамамды Мемлекеттік тілді дамыту үшін бір қолдың саласындай-  бір ананың баласындай болып ат салыссақ демекпін Құрметті ХҚКО қызметкерлері! және Сұлтанмахмут Торайғыров ағамыздың мынандай өлең шумақтармен аяқтағым келеді:

Сүйемін туған тілді – анам тілім,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

3 жауап

0 дауыс
Әр мекемеде тілді дамыту бөлімдері болса дұрыс болар еді. Жаңадан қызметке тұрған адамдардың мемлекеттік тілді білу деңгейін тексеріп, ары қарай сол бойынша жұмыс істеуге болады.
0 дауыс
Әр аудан, қала, ауыл орталықтарында тілдерді дамыту бөлімдері ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ, сол мекеме басшылары бір ауыз қазақша білмейді, мектепті орыс класында оқып бітірген, қазақтың тарихынан, тілінен жұрдай қазақтар (турасын айтқанда шоқынсам ба? деп өздерінше ниеттеніп жүрген шалақазақтар) басшылық етіп келеді, олар қазақтармен көшеде, жұмыста, қызмет барысында, үйлерінде орысша сөйлеседі. Міне сондай орынды босатпайтын бессмертная- ный басшысымақтарды жұмыстан құрту керек болды, бірден қазақ тілі дамып шыға келеді, оның несі қиын жоғарда отырған ел басшыларына.

Сосын ондай қызметке қазақша оқыған, білімді, ұлтжанды, патриот, орысша жақсы білмейтін қазақты отырғызу керек, тез қазақ тілі дамып,бәрі ОК ! болады.
0 дауыс
Мемлекеттік тілді дамытудың бір жолы болашақ ұрпақты ұлтжандылықта тəрбиелеу керек. Балабақшада балалармен қазақ тілінде көп сөйлесіп,халқымыздың мəдениетінен хабардар ететін домбыра үйретіп, қамажайдан билету керек. Халқымыздың əн-күй, терме, айтыс т.б. көріп, естіп өсуі керек деп ойлаймын.
...