0 дауыс
5.1k көрілді
Сумаляк дегеніміз не және оның адам ағзасына қандай пайдасы бар?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сумалак  қай ұлттың тағамы? Әз-Наурызды тек біздің ел емес, басқа да түркі халықтары тойлап, мерекелейді. Бұл мерекеде наурызкөже жасалып, бауырсақ, ет пісіріліп, киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылады.

Қыс кетіп, жер көгеріп, халық «ұйқыдан тұрғандай» күйде болады. Көңіл күй де жақсарып, мереке сезіле бастайды. Наурыз мейрамының басты тағамы – көже. Басқа ұлттар осы күні әрбір үйде қазан оттан түспей, сумалак дайындайды. Сонымен, біздің сөз етпегіміз мерекенің тарихы емес, сумалак жайында болмақ? Сумалак дегеніміз не?

Наурыз кезінде бізде наурызкөже әзірлеу дәстүрге айналған. Ал парсы, өзбек, қырғыз, иран, түрік, әзірбайжан, түркімен, ұйғыр, ауған халқында Ұлыс­тың ұлы күні «сумалак» деген тамақ жасайды. Рас, қырғыз ағайын сәл атын өз­гертіп, бұл тағамды «сүмелек» деп айтады. Бірақ жасалу технологиялары бір-біріне ұқсас. Ал түркімендер осы тағамды «семене» деп атайды. Бәрі де жаңа өсіп шыққан бидай дәнінен жасалады. Әрине, әр халық мұны әртүрлі қоспа қосып, түрлендіретіні де бар. Бірақ осы тұста бұл ұғымның астарына да үңіліп көрген жөн сияқты.

Ел аузындағы бір аңыздарға сенсек, «сүмелек» немесе «сумалак» сөзінің екі мағынасы бар екендігін байқаймыз. Біріншісі – парсының «си мелек», яғни «отыз періште» сөзінен шыққандығы туралы уәж. Яғни Наурыз кезінде «сүмелек» қайнатып жатқан кезде қазанның қасында 30 періште отырадымыс. Екіншісі – парсыша «самани» деп аталатын бидай дәндері көрінеді. Шамасы, түркімендердің «семене» дейтіні осыдан шығар.

Дегенмен, барлығының тілегі бір. Молшылық болсын дегені. Сонымен, Нау­рыздың ең басты тағамдарының бірі болып саналады. Ол тек өзбек ұлтына тән тағам емес, бүкіл мұсылман қауымына ортақ тағам. Наурызкөжені қалай құрметтесе, сумалакты да солай қадірлейді.

Сумалак әзірлеу – он күнге созылатын күрделі іс. Сумалак туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Соның бірі мынадай: ертеде көктем шыға бір ауылдың жұрты ашаршылыққа ұшырайды. Содан жеке-жеке қазан көтеріп, ас пісіруге елдің шамасы келмей қалады. Сонда ауылдың ақ жаулықты аналары қолдарындағы бар азықты жинап, біреуі бір уыс бидайын, енді біреулері жүгерісін, өрік-мейізін, тағы бірі өсімдік майын алып келіп, қазанға салып, тамақ әзірлеуге кіріседі.

Ең соңында үйелмелі-сүйелмелі тоғыз баласын ерткен жесір әйел келеді. Қосатын ештеңесі жоқ ол қазанға таза жуып, жеті тас салады. Дәу қазан орта белінен асып тола түседі. Астындағы оттың табынан бұрқылдап қайнай бастаған қазандағы тамақты араластырған сайын аналарымыз Тәңірден тоқшылықты, жылдың түсімді, берекелі болуын тілеп жалбарынуымен болады. Құдай аналардың тілегін беріп, ел сол жылы молшылыққа кенеледі. Содан бастап «сумалак» деп аталған осы қасиетті тағамды ерте көктемде елдің бірігіп, бір қазанда пісіру салтқа айналған.

 

Денсаулыққа өте пайдалы тағам. Өйткені жаңа өскен бидай дәрумендерге өте бай. Қыстан адамдар ауырып, әлсіз болып шығады. Ал бұл тағам адам ден­саулығына күш-қуат береді. Сонымен қа­тар бала көтере алмай жүрген аналарға да пайдасы мол. Бұл тағамның сауабы мол. Мұны дайындап жатқанда Алланы мадақтап дұға оқытылады. Егер наурыз айында болсын немесе ниет етіп сумалак қайнатып, қасына наурыз көже беріп, мал сойып, дастарқан жайып, Құран оқытсаң, ол да сауап. Ал егер мал союға шамаңыз келмесе, сумалакты қайнатып көрші-қолаңдарға таратып бергеннің өзі сауапты іс. Ниет етіп, дәм ауыз тиерде «Бісмілләһи рахман-рахим» деп ауыз тисең де сауап. Сумалактың ішіндегі тас бір кісінің кесесінен шықса, келесі жолы сол кісінің үйінде сумалак қайнатылатын болған, осының өзі сауап. Сауапқа бөленуге асығыңыз. Бұл тағам адамға рухани күш береді. Сондай-ақ сумалактан шыққан тас кімнің ыдысынан шықса, сол кісі бақытты болады.
+1 дауыс
Менің сүйікті асым !
–1 дауыс
Өзбектердің ұлттық тағамдарының бірі
...