0 дауыс
1.2k көрілді
Мына ақпарат дұрыс па?

Кеңес Үкіметі кезінде Қазақстанға басқа халықтарды жер аудару саясаты ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдары күшейген еді. Бұл саясат халықтардың еркіне қарсы жүргізілген болатын. Алдымен Кеңес Үкіметі Сталиннің бұйрығына сәйкес 1936 жылдан бастап Батыс Украина жерінде тұрып жатқан поляктарды қоныстандырды. Кейін 1937 – 1938 жылдары Қазақстанның оңтүстігіне кәрістерді, Екінші Дүниежүзілік соғыс басталған кезде Еділ бойында өмір сүріп жатқан немістерді де фашистер жағына өтіп кетуі мүмкін деген сылтаумен Қазақстан жеріне көшіріп жібереді. Солардан кейін де елімізге грек, болгар, еврей, түрік, қалмақ, қырым татары, Кавказ халықтары тиелген эшелондар көптеп келіп жатты.

1 жауап

0 дауыс
Қазақ жеріне өзге ұлттарды қоныстандыру қателеспесем XIX ғасырдың 60-жылдарында басталды
...