+1 дауыс
14.7k көрілді
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы XIX ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдарының басына тұспа-тұс келді. Орта Азия хандықтарының езгісіне шыдамаған Ұлы жүз қазақтары Россия империясының құрамына қосылуға ниет білдіре бастады.

1855 жылға қарай үйсін руы Россия құрамына енді. Россия болса Орта Азия хандықтарынан қорғану мақсатында өзіне бағынышты болған рулардың жерінде бекіністер салады. Қоқан хандығымен болған шайқастардың нәтижесінде Ұлы жүз рулары Россия империясы құрамына енеді.

Бұл 1865 жылы болды. 1866 жылы Бұхара хандығын, 1873 жылы Хиуа хандығын бағындырғаннан соң, оның құрамындағы қазақтар мен басқа да халықтар Россия империясы құрамына қосылады.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ұлы жүз Ресейдің қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Өйткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі, Орта және Кіші жүздердің оңтүстік аймақтары Хиуа және Қоқан, Бұхар хандықтарының иелігінде болды. Олар Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге жиі-жиі шабуыл жасап отырды.

1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шықты, шаруалар көтерілісі қатыгездікпен басылды.

0 дауыс
Кіші жүздің Ресейге қосылуының алғышарттары мен себептері
Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.

Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.

Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.
Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.
Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.
Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды
қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.

Алайда содан көп кейінгі оқиғалар ол шарттардың бірде-біреуін екі жақтың да орындамағанын көрсетті. Екі жақ та өздерінің пайдаларын көздеумен болды. Империяның қол астына қараудың жалған сипаттары ғана орын алды.
Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті. Кіші жүз ханы Әбілқайыр (1680-1748) Ресейдің құрамына енуді ойластырды. Ол көздеген мақсаттардың ішіндегі ең бастысы Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен бірігу болды. Әбілқайыр ханның мақсаттары қазақ ауылдарының шаруашылық мұқтажымен де байланысты болды. Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзендері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтауды Ресеймен келісімге келу арқылы шешуді ойластырды. Бұдан басқа қалмақтар мен башқұрттардың Қазақ жерін шабуылдауын тоқтатуды көздеді. Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңуді де ойлады. Қазақ жері арқылы өтетін керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету- оның мақсаттарының бірі болды. Кіші жүз ақсүйектерінің талабы Ресеймен əскери одақ құру болды.
Əбілқайыр хан Петербургке аттанған елшілері – Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлына Ресейдің қол астына кіру туралы құжат тапсырды. 1731 жылғы 19 ақпанда Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын императрица Анна Иоанновна қабылдады. 1731 жылғы 10 қазанда Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Барақ сұлтан, Бөкенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен, бұл қарсылық сəтсіз аяқталды.
18 ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең болды. 1740 жылы Иран əміршісі Нəдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті.
Орыс үкіметі Қазақ өлкесі жөнінде отаршылдық саясат ұстанып, 1714-1720 жылдары Ертіс өзенінің жоғары ағысында бекіністер тұрғызған болатын. Ол бекіністер – Жəміш, Омбы, Колбасинск, Железинск, Семей, Коряков (Кереку), Өскемен. Патша үкіметі қазақ-жоңғар соғысын пайдаланып, бекіністер салу арқылы Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу мақсатын көздеді. 1734 жылы мамырда Сенат хатшысы И.К.Кириллов басқарған «Қырғыз-қайсақ экспедициясы» жабдықталып, Қазақстанға жіберілді. 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі қаланды. 1738 жылы тамызда Орынбор комиссиясының басшысы, тарихшы В.Н.Татищев Орынборда қазақ сұлтандарының сьезін өткізді. Кіші жүз бен Орта жүзден барлығы 60-қа жуық старшын Ресейге берілгендігін қуаттап екінші рет ант берді. 1740 жылы тамызда Əбілмəмбет хан мен Абылай сұлтан Ресейге ант берді. Алайда Орта жүз дербестігін әлі де сақтады.
Ресей үкіметі қазақтарды қорғау деген желеумен зеңбірек пен əскери бөлімдерді Ертіс, Алтай өңіріндегі бекіністерге орналастырды. Олар экономикалық мүдделерін бірінші орынға қойып, кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысты.
1741-1742 жылдары қонтайшы Қалдан Серен (Галдан Цэрэн) Орта жүз бен Кіші жүзге екінші “ақтабан шұбырынды” жорықтарын жасады. Орта жүз қазақтары Ор бекінісіне дейін ығыстырылды. 1742 жылы 20 мамырда Ресей Сенаты қазақтарды жəне шекаралық бекіністерді қорғау жөнінде жарлық шығарды. 1742 жылы 2 қыркүйекте Орынбор комиссиясының төрағасы И.Н. Неплюев Қалдан Серенге жолдаған хатында Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысым жасамауды талап етті. Кіші жүз ханы Əбілқайырдың беделі өсіп, Орта жүздің Арғын, Керей, Уақ, Қыпшақ рулары оны аға хан ретінде мойындады. Орта жүз ханы Əбілмəмбет Түркістанға, Əбілқайырдың жауы Барақ сұлтан оңтүстік-шығыс аймаққа ығыстырылды. Кіші жүз ханы ауыр жағдайға қарамастан, қазақ жерін өз қолына біріктіруге тырысты. Ресей үкіметі Əбілқайырдың дара билігінің күшеюіне қарсы болды. Империяның қысымына шыдамаған Əбілқайыр Ресейден қайтадан бөлініп кетуді ойластырды. 1748 жылы Əбілқайыр Барақ сұлтанның қолынан қаза тапты.
Ресей империясы құнарлы жерлерді иемденіп, оларды төрелерге, қожаларға берді және ресейлік ірі помещиктер Юсупов пен Безбородкоға Каспий жағалауының құнарлы жерлерді бөліп берді. Бұл Бөкей Ордасындағы көтерілістің басталуының себептерінің бірі еді.
Əбілқайыр ханның 1731 жылы Ресей билігін мойындауы Қазақстан тарихындағы өзекті оқиға. Бұл қадамның жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығына белгілі дәрежеде шек қойғаны мәлім.
...