0 дауыс
22.4k көрілді
Қыз тәрбиесі. Қазақ қызына тән қасиеттер қандай болуы керек?

2 жауап

+1 дауыс

«Қызға қырық үйден тыйым» дейді қазақ. Бүгінгі күн қазақ қызының бейнесін, болмысын ұмытып бара жатқан сияқтымыз. Жалпы, қазақ қызы қандай болуы керек? Ол жайлы ойлай бермейміз де. Күнделікті болмасын, ең құрығанда, әредікте  өзімізге «Мен «Қазақ қызы»  деген үлкен атқа лайықпын ба?» деген сауал қоймаймыз да. Бәлкім, бұл үлкен атауға бәріміз дерлік сай шығармыз. Олай болса, өз бойымыздағы қасиеттер мен мінез-құлықты саралап, қазақ қызының болмысындағы қасиеттермен салыстырып көрелік!

Қазақ қызына тән қасиеттер:

Қазақта қыз баласы ұяң да инабатты, сыпайы болған.
Ер адамға тік қарамаған.
Жүріс-тұрысы салмақты болып,  сызылып, сыпайы қозғалған.
Орынсыз жыртыңдап, күлмеген.
Ешкімнің сөзін бөлмеген.
Етегі ұзын, кең көйлек киген. Басында тақия не бөркі болған.
Жөнсіз, әдепсіз сөйлемеген.
Кісінің алдын кесіп өтпеген.
Дауыс көтермей, бәсең дауыспен сөйлеген.
Кешкілік жалғыз жүрмеген.
Басқаларға қол тигізбеген және кісіні болсын, жануарды болсын теппеген.
Суық жүріс, сумаң қылыққа бармаған;
Өтірік, өсек айтпаған.
Адамға қарап есінеп не керілмеген.
Талтайып отырмаған.
Тамақты асап жемеген.
Бұраңдап, қылымсымаған.
Біреудің алдында киім ауыстырмаған.
Салт-дәстүрден аттамаған.
Ешкімді ғайбаттамаған.
Ішімдік ішпеген, шылым шекпеген.
Тәкаппарлыққа жол бермеген.
Үлкен-кішіні сыйлаған.
Шектен тыс боянып, жасанбаған.

Мұның бәрі ескіліктің емес, тектіліктің сарқыншағы екенін ұғынайық, халқым!

0 дауыс
Қазақ қызы деген атқа ие болуымыз керек.1жауап пен келісем
...