+2 дауыс
70.0k көрілді
Жалпы, сііз  қандай адамдарды  көшбасшы  деп білесіз?

8 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап
Көшбасшы-әлбетте өз саласының білгір маманы, сонымен қатар өзге саладан да хабары бар жан. Ол топпен жұмыс істей білуі керек, қол астындағы адамдардың пікірімен санаса білетін, бар пікірлерден сөздің тобықтай түйінін шығара білетін жан. Үлкен жауапкершілігі бар, бойында сабырлылық қасиетін қалыптастыра білген жан(деп ойлаймын).
Иә, ұмытып кеткен екенмін. Қазіргі көшбасшы бірнеше тілді еркін меңгерген, яғни өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтей білетін жан болуы керек.
Әрине. Көшбасшы  болу үшін бір сөзбен айтқанда жан-жақты болуы керек...
+4 дауыс
Біріншіден білімді, әр саладан хабары бар. Екіншіден өзіне жүктелген міндетті сезіне білуі ауыртпашылығына төзе білуі шарт.
Рахмет, сонымен:
1) білімділік
2) жауапкершілік
3) төзімділік
+5 дауыс
Көшбасшы-көшті бастай алатындай қайратты әрі шыдамды болуы қажет.
0 дауыс
Көшбасшы - лидер -  жайлы 1-2 ауыз сөз.   Ситауциялық  көшбасшылар да болады.  Былай күнделікті өмірде ол  көшбасшылық  қабілетін  көрсетпейді.   ол   көшбасшылығын көрсету үшін   белгілі  бір  жағдай  орын  алуы тиіс.  Мыс., сіз өз тобыңыздағы бар - жоғы білінбейтін адамның  спорттық жарыста,  не  басқа да қиын жағдайларда (өрт, табиғи апат,  көше төбелесі) немесе   ұжымға  тапсырылған қиын жұмысты орындау кезінде  өзінің қабілетін ашып көрсетіп,  жауапкершілікті өз мойнына алып, ситуацияны қолға алуы, топты басқаруы мүмкін.  Бұл да көшбасшылықтың бір түрі.
0 дауыс
Көшбасшылықты анықтау үшін қандай сұрақтар қояу керек?
0 дауыс
Көшбасшы өзін өзі ұстай білуі керек.Басқа балалар сияқты емес олардан қарағанда таза жүруі керек,ақылды болуы қажет, мейірімді бола білуі қажет.
0 дауыс
жауапкершылыкты оз озыне сенымды адам
0 дауыс
Менің жауабым адам болу
...