0 дауыс
12.9k көрілді
Қазақ қызының тәрбиесі жайында жалпы мәліметтер білгім келеді.

3 жауап

+1 дауыс
[Мында][1] жазып кетіпті, оқып көріңіз.


  [1]: http://atazholy.kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&id=48&Itemid=67&limitstart=7
0 дауыс
Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу-халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.
Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мысалға, қыз балалардың бір-біріне қазақша «сәлеметсізбе» деп амандасуының өзі «мамбетка», «мамбет» деп, қорлайды. Бірақ, бұған кімді кінәлаймыз? Соқыр желді айдаумен бірдей ғой. «Қасқырдың аяғы асырайды» демекші, қазіргі заманымыз жанталас заманына айналды.
Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар.
0 дауыс
Абай қазақ қыздарының тәрбиесі төменгі сатыда дегенге әрине КЕЛІСПЕЙМІН."Көпке топырақ шашуға болмайды".Қазақ қызының тәрбиесінің алғашқы кірпіштері отбасынан алған тәрбиесіне байланысты, екінші басындағы миына байланысты.Адам періште емес, сондықтан әр адам қателік жіберуге құқылы, бірақ жіберген қателіктірімізден сабақ алуымыз керекпіз.Жігіттердің бәрі бірдей тәрбиелі емес. "Бес саусақ бірдей емес" сондықтан қазақ қыздары туралы жалпылама айтудың қажеті жоқ ...Анасына қарап қызын ал деген мақалға 100пайыз қосыламын,себебі тәрбие құрсақтан басталады емеспе,жақсы ислами тәрбие көрген қыз бала арсыз тірліктерге бармайды деп ойлаймын...
...