0 дауыс
1) Тағылымдама ( Практика емес дейді...)  -............................?
2) Сөзбұйдаға салу -......................................?
3) Жауһар - .................................?
4) Сұрқия - ...............................?
5) Жауыр - ..................................?
6) Сүбелі -   ........................................?
21.12.2011 10.5k қаралым

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Жауыр , көбінесе, жылқыда кездесетін ауру. Жегіске, мініске пайдаланылатын жылқы шоқтығының, арқасының жарақаттануымен сипатталады.
Сүбелі - ерекше мағына береді.
Сұрқия - ниеті жаман адам.
Жаухар - тастың аты мекен,алде әдемілікті көркемдікті айтатын тәрізді.
Сөзбұйдаға салу- тартыс,талаңтаражға,сарапқа түсті деген сөз сияқты.
21.12.2011 1 спам
Айымгүл, алғысым.
тағылымдама деген сөздің мағынасын дұрыс түсіне алмадым,бірақ ол тәжірибеден өту сияқты мағынада айтылған сөз сияқты...
пайдам тисе болганы...
0 дауыс
1) Тағылымдама ( Практика емес дейді...) ............. Таныстыру.
2) Сөзбұйдаға салу -.................................................. Бір істі созу,орындаудан қашқақтау.
3) Жауһар - ................................................................ Мөлдір,тазалық.
4) Сұрқия - ................................................................. Зәлімдік,зүлымдық.
5) Жауыр - ................................................................. Жықының арқасына ер қажаудан болған жара.
6) Сүбелі -   ................................................................. Қоңды,семіз,майлы.
15.03.2012
0 дауыс
Тағылымдама - Стажировка
Сөзбұйдаға салу - сұрақтың шешілуін әдейі кейінге қалдырып тұру.
Жауһар - Гауһар сөзінің баламасы, яғни бриллиант
Сұрқия - екіжүзді адам
Жауыр - жылқы арқасының үйкеліп жарақаттануы
Сүбелі - семіз майлы, ең жақсысы, таңдаулысы.
21.11.2012
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы