+1 дауыс
2.3k көрілді
Достар, Туыстық байланысқа негізделген  барлық атауларды мәнін ашып жазып беріңдерш... бәленшенің бәленшесі кімнің бәленшесі  болады дегендей.... Жиен - нананананн, Нағашы жұрт - нанананаанан, Балдыз - нанананананананан ..т.с.с. Өтініш.  ....немесе білгендеріңізше.
Сұрақтың жабылу себебі: ИНЕТ-тен іздеуге ақыл жетпеп ед...

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
[мына жерде][1]
Туыстық атаулар


Абысын. Ағайынды адамдардың әйелдері.

Бажа. Бір    адамның    немесе    ағайынды    кісілердің қыздарына үйленген адамдар.

Бөле. Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балаларының арасыңдағы туыстық қатынастың атауы.

Балдыз. Әйел адамдардың жасы кіші туыстары.

Ене. Ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.

Құда. Күйеу мен қалындықтың  (ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.

Құда     бала. Құдасының   баласы   (ұлы)   т.   б.   жасы кіші туысы.

Құдағи. Күйеу   мен  қалыңдықтың   шешелері  немесе әжелері.  (Құдаңдал адамдардың әйелдері).

Құда-жекжат. Ілік-шатыс құда адамдар.

Құдандалы. Қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.

Құдаша. Ерлі-зайыпты адамдардың  жасы  кіші  әйел туыстары; құдандалы адамдардың қыздары.

Жиен. Күйеуге шыққан қыздан туған бала.

Жиеншар. Жиеннен туған бала.

Жеңге. Жасы үлкен ағасының келіншектері.

Жезде. Туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.

Киіт. Құда-қүдағиларға  киім-кешек түрінде берілетін сыйлық.

Күйеу. Әйелдің ері, жұбайы.

Келін. Ата-ана    үшін   баласының    әйелі    де,    жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.

Қайын. Қыз  алып,  қыз  берген  екі  елдің күйеу  мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.

Қайын аға. Ерлі-зайыптылардың туған және туыскан ағалары.

Қайын ата. Күйеу мен келіншектің туған әкелері.

Қайын   ене. Ерлі-зайыптылардың  туған   шешелері.

Қайын      бике. Күйеуінің туған – туысқан әпкелері.

Қайын сіңлі. Күйеуінің қарындастары.

  [1]: http://www.beu.kz/index.php/2011-01-29/2011-0/105-2010-10-26-11-55-29
Немере

Немере– туыстық атау. Ер адамның баласынан тараған ұл мен қыз. Ағайынды кісінің балалары туыстық жақындығы жағынан Немере аға, Немере іні, Немере қарындас, сол сияқты ағайынды кісінің қыздары да Немере апа, Немере сіңлі болып аталады.
Шөбере

ШӨБЕРЕ – туыстық атау. Атадан санағанда немереден өрбіген ұрпақ. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шөбере немереден таралған ұл-қыздардан құралады.
Шөпшек
Шөпшек – туыстық атау. Атадан тараған төртінші ұрпақ. Немере мен шөбереден туғандар туыстық жағынан қашықтай бастайды. Шөпшекті кейбір жерлерде туажат деп те атайды
Немене

Немене– туыстық атау. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы жеті ата жүйесі бойынша таратылатын жетінші ұрпақ.
Жүрежат

Жүрежат – алыс туысқандықты білдіретін атау, яғни туажаттан туған бала. Жүрежат – адамның өзінен санағанда жетінші буыннан қосылатын туысы. Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы бойынша Жүрежаттың балалары бір-бірімен қыз алысып, құдандалы бола алады.
Туажат

Туажат – дәстүрлі қазақ қоғамындағы туыстық атау, немененің баласы. Туажат адамның өзінен бастап санағанда алтыншы буын. Ол туыстық қатынас жағынан бір атаның баласы саналғанымен, одан кейінгі ұрпақтардың іргесі бөлініп, туыстық қарым-қатынасы алшақтай бастайды.
Жұрағат

Жұрағат – алыс туыстықты білдіретін ұғым. Жеті атасынан туысқандар үлкені кішісін Жұрағат дейді. Әдетте, бір рудан тараған адамдар да бірін бірі Жұрағат дей береді.
Жегжат

Жегжат, жамағайын, жамағат — бір-біріне құдандалық, т.б. жақындығы бар адамдар. Жегжат атауы қандас туыстарға қатысты қолданылмайды. Жегжат — туыстығы жоқ, бірақ құданың құдасы, нағашының бөлесі, жиеннің балдызы сияқты туыстық қатысы бар адамдар арасындағы жақындықты білдіретін атау. Олар құда, нағашы, жиен сияқты туыстық, жақындық құқықтарды талап ете алмайды.
...