0 дауыс
8.0k көрілді
Америка Құрама Штатының салт дәстүрлері керек еді?

1 жауап

0 дауыс
Англия ұлттық дәстүрге, әсіресе ұлттық киімдерге бай ел. Ағылшындардың ең танымал киімі- ауылдық жерлерде жаз мезгілінде билейтін моррис атты би киімі. Бұл киімді тігудің кейбір ерекшеліктер бар. Негізінен бұл би жерге қатысты магиялық белгімен байланысты. Ағылшындықтар "Ескі- демек сенімді. Ескі сөзі күмәнсіздікті білдіреді. Жаңа ой- күдікті, жаңа технология- сенімсіз." деп есептейді.Ағылшындардың неше мың жыл бұрынғы салт-дәстүрлері әлі күнге дейін сақталған. Оның дәлелі ағылшындықтар әлі күнге дейін тойды ескі дәстүр бойынша өткізеді. Некенің алдында атастыру (яғни уәделесу) көптеген елдерде орындалады. Англияда атастыру рәсімі алдында күйеу жігіт пен келінге әр түрлі сынақтар жүргізіледі.Атап айтар болсақ, жігіт қыз айтқан, қалаған нәрсенің барлығын орындайды. Ал келін болса бір қолымен ескі сандықтың қақпағын ұстау қажет. Ағылшындықтарда тағы бір қызықты мынандай салт-дәстүр бар. Тойға келіннің 10 құрбысы мен күйеу жігіттің 10 құрдасы міндетті түрде күйеу жігіт пен қалыңдық киімін киіп шығады. Яғни ағылшындықтардың діни- сенімі бойынша, жаман ниетті жын шайтан 10 жұп ішінен нағыз күйеу жігіт пен қалыңдықты таба алмайды және өз жаман ниетін жүзеге асыра алмайды екен. ХVІІ ғасырда тойларда қалыңдық әртүрлі түстердегі киімді киетін болған. Ал Англия ханшайымы Виктория алғаш рет тойға ақ көйлек киген. Содан бастап ақ көйлек кию дәстүрлі түрде жалғасқан. Ақ көйлек пәктікті, тазалықты білдіреді.
...