0 дауыс
290 көрілді
Әбден мезі болған қазақи той-томалақ деңгейіндегі намыссыз әншілер, көруден көз шаршайды (көңілде қалған, дыкс-дыкс бәрі бірдей). Әбден жаттанды, тойда да, ойда да айтып сіңірі шыққан бірнеше әнді фонограммамен айтып, тайраңдап жүргеді де қояды. Бір арнадан ән айтып жатса, екінші каналдан тамақ пісіріп, тағы бір арнадан малдарын, қораларын көрсетіп жатады. Олардан басқа ешкім жоқ па ұлан ғайыр Қазақстан жерінде? Бұл қалай, кім ақша берсе соған жүгіріп кете береді олар, ұятты сырып тастаған ау шамасы. Шаршатты әбден!

 Неге ресейден үлгі алмайды, олар бау-бақша егу, ауыл шаруашылығы, гүл өсіру, ғылыми техникалар, жақсы шетел жаңалықтарын көрсетіп жатады. Кинолары да көруге жарамды. Көп адамдар Ресей тарелкаларына ауысып жатыр уже.
"Тұрсынбек Қабатовтан басқа ешкім жоқ па?" деген сұрақ туындап жүр менде.

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Естуіміз бойынша бұрын әндерді және әншілерді сұрыптайтын көркемдік кеңес болған және жақсы жұмыс істеген. Анау-мынау әндерді өткізбеген. Тіпті Шәмшінің де кейбір әндерін өткізбей тастаған. (Шәмшінің әнін Карл!) Ал енді сол кеңес әлі күнге дейін жұмыс істесе, қазіргі композиторларға шанс жоқ сияқты.
Әнші сымақтар жиналып алып, ән әйтып, бір-бірін өтірік қолпаштап, өтірік шапалақ ұрып отыратын болыпты, өңшең ығай мен сығайлар.   Ресей әншілері не істесе соны істеп кетті, жарасса мұрнымды кесіп берейін.
        Ал Ресей әншілеріне жарасады, әңгіме айта алмайсың, өйткені олар сондайға лайықты, сұрыпталған талантты әншілер, түр-әлпеттері де келісімді, той-домалаққа бара бермейді.
Орыс ойына келгенін істейді, қазақ орыстан көргенін істейді деген бар.
Әнді тойда айта ма? сол тойында айтып жүре берсін, қарсылығым жоқ, олар қасиетті сахнаға шығып кетеді да сонысы дұрыс емес. Сахнаға лайықты әншілер бар ғой солармен жарысып кетеді ғой шіркіндерің.  Сөздің қысқасы сахнаның сәні кеткен!
+1 дауыс
Иа, бұны басқа адамдар да мысалы кәсіпкер Ахметбек Нұрсила да айтып, Фейсбукте жазып та жүр. Телеарналарда қаптаған шоулар, әншілер, телеарнадан телеарнаға ауысып жүретін әншілер, бір сериалдағы актерлер басқа сериалдарда да ойнап жүре береді.
...