+2 дауыс
2.6k көрілді
Қазіргі қазақ киноларының көрермендері жоқ,себебі неде? Кімнен сұрасаң да ұнамайды, көрмейміз дейді.Сіздер көресіздер ма?

Сонда біздің киногерлер не боп барады?  Ең болмаса жер орбитасында ұшып жүрген спутник КазСатты силамайма? ол темір болса да өзіміздің 40-50 телеарналарды әлемге таратып жүр, оны космоста ұстап тұрудың өзі өте қымбатқа түсетінін неге ойламайды олар? Мұндай мүмкіндіктер көрші орта азия елдерінде жоқ. Теле арна басшылары ұялса болады ғой.

14 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Музыкамен көркемдеу жетіспейді.Кейде сықырлаған есіктің дыбысы да естіліп тұратыны бар.Қазіргі қазақ кинолары өмірдегі шындықты жасырмай шынайы көрсетемін деп ауылдың сұрықсыз үйлерін көп көрсетеді. "Жиде.Кешіккен махаббат" комедиясындағы Қалтай шалдың ауыл поштасына зейнетақысын сұрауға барғанда "Сәлем,қыздар!"деуі де орынсыз.Ауыл қарттары олай амандаспайды.Немесе өрісте түнеп қалып тойып келген сиырын сауып болып,алдына шөп салуы да көңілге қонымсыз.Өрістен тойып келген малға шөп берудің не қажеті бар? Телесериалдарда да кемпір мен шалдың ұрысы бітпейді.Бауырсақ ұрлап жейін деп жатырған шалының қолын қағып жіберген кемпірі.Бұл не масқара!Қазақтың шалдары біріншіден:кез-келген уақытта асүйге сұқақтап кірмейді, екіншіден:кемпірі отағасысына қарсы қол көтермек түгілі сөйлей де алмайды.Өзара сыйластық қайда?Мұндай сериалдардан жастар қандай тәрбие алады?
+1 дауыс
Мен қараймын Таңдау деген сериялды қараймын ұнап қалғасын.Ал қазақтардың өзінің сериял қарамайтын себебі олар ішінде жасандылық көп деп ойлайды бірақ өз киномыздан артық сериял жоқ деп ойлаймын.
Бұл сіздің пікіріңіз. Мынаны қара, Басқа қазақтар не дер екен енді?  Осындай төменгі деңгейде бола берсе де бәрі бір ма екен?
0 дауыс
Біз қазақтардың фильмдері де жоғары деңгейде үндінің қайдағы фильмдерінің кесірінен өзіміздің тамаша фильмдерімізді көралмай жатырмыз ше біз
+2 дауыс
Менің ойымша біздің сериалдар да киналар тіпті актерлер мен актрисаларымыз да жақсы түседі киноларга, бұрындары жасандылық коп болды , бірақ қазір бірте-бірте үйреніп келе жатқан секілдіміз. Сондықтан да ешкімге сын айтудын қажеті жоқ және де менің бір айтарым неге түрік және үндіс сериалдарын көреміз? Одан да өзіміздің отандық киноларымызды көрелік. Шынымды айтайын корей сериалдарын коремин және отандық бірақ қазір уақыт жоқ кино коруге. Түрік және үнді сераилдарын тамашалаудан шаршамаданыздар ма?
Дұрыс, сын түзелмей мін түзелмейді дейді біздің дана қазақ халқы. Сондықтан да біз халықтар сынауымыз керек ақ, ол кезек күттірмейтін маңызды мәселе.
Мен өз басым, қазақ киноларын көрген кезде оның сапасына, қазақтардың әдемілігіне, қарап сынау үшін көремін.Шынымды айтсам көп киноларымыз ішімізді пыстырып жібереді, көрерменді өздеріне баурап тартып,  өзіне кіргізіп жібере аламайды.   Былайша айтқанда индия,түркия киноларын сырып тастауға қауқары жеткіліксіздеу.
иа дурыс айтасыз, бірақ біздің отнадық ктнолар енді ғана даму үстінде сондықтан да түсіністікпен қарасақ деген ойдамын
Сонда 40-50 жыл бұрын шыққан теңдесі жоқ "Қыз жібек" "Транс сібір экспрессі" сияқты шедеврлерді аттап кете алмайтын шығармыз. Элементарный қыз бен жігіттің кездесуін түсіре алмай жатқан қазіргі режисерлерге не айтамыз?
+1 дауыс
Қазақ режиссерлары да, актерлары да өте жақсы, Соңғы түсірілген "Шал" киносы шедевр деп айтуға тұрарлық, Сондай-ақ қазақтың өте жақсы кинолары көп, Мысалға өзіме ұнайтын "Айналайын" (сериал емес), "Шиза", "Сүйрік" т.б.

Тек бір проблема бюджеті өте аз болғандықтан монтаж, спецэфектілер деген сияқтылар нашарлау болады. Сосын қазақ киналарының көрермендері аздау, көбінесе ақшасын қайтара алмайды
ШАЛ КИНОСЫН НАҒЫЗ ҚАЗАҚТАР ТҮСІРГЕН БОЛСА, ӨЗ ТУҒАН НЕМЕРЕСІН ШАЙТАН ДЕП АТАМАС ЕДІ. НАҒЫЗ ҚАЗАҚТАРҒА БАРЫП НЕМЕРЕСІН ШАЙТАНСЫҢ ДЕП АЙТУҒА СЕНІҢ РУХЫҢ ЖЕТЕ МА?. АБАЙЛА БІРАҚ МЕН ОҒАН ШЫДАМАЙМЫН! АЛЛАХУ АКБАР !!!
Сенің сеніміңді білмеймін, өзіме өте ұнаған кино болды, Аллаһыңда еш шаруам жоқ. Өзім атеиспін
Өзіңді жаратқанды танымасаң, шаруаң жоқ болса, онда сөзім жоқ саған.
"Шайтан" - деп  айту басқа. "Шайтанбек" - деп айту мүлдем басқа. Қазақ халқында атасы немересін өзінің атымен емес, басқа да теңеулермен еркелету бұрыннан бері қалыптасқан жағдай. Шала қазақ болып кеткенің "Шайтансың" деген сөзіңнен-ақ көрініп тұр. Ол кинода "Шайтансың" - деп айтпаған. Кино өте керемет түсірілген. Осы күнге дейін жеткен қазақ киноларының ішіндегі маған ең ұнағаны да осы кино. Шалдың рөлін сомдаған  актерға алғысым шексіз.  Ал қалған қырып кету, атып кету сияқты түсірген қазақ киноларына қарап адамның қарны ашады
Шал байғұс қайтсін енді, жалғыз тұяқ немереме тіл-көз тимесін деп шайтанбак деп атаған болар.Баяғыдағылар тіл -көзден сақтану үшін олай атауға да баруға мәжбүр болған дейді.
–3 дауыс
просто кино тусире алмайды казактар , мемлекет берген акшасын жеп коя береди ..

Блокбастер (боевик , фантастика, ужастик) керек, спецэффектер коп косу керек ал быздыкилер ауылга барып бир трактормен бир кызды тусире береди сосын калай коргин келеди ондай киноны , ауылдын омирин корсете бермей заманга сай кино тусиру керек ауылдын омирин ким кормеди дейсин баримиз кордик, кобимиз ауылда остик.,  ал сериалдар тыптен тусирудин кажети жок онсызда басы катып журген халыктын миын ашытпай !!!

бул жеке ойым арине , калганын режиссерлар ойлансын))...
Сен сияқты көре алмайтын адамдардың кесірінен адамдардың ойы өзгереді
–1 дауыс
Ақша дұрыс бөлмеиді содан соң актерлар нашар деңгеиде
+1 дауыс
Жақсы кино аз да болса бар шығар.Мен, бірақ, шұбарланған екі тілді кино көрсем қатты қарным ашады,
–1 дауыс
Қазақтын қазіргі киноларында актерлерде жасандылық көп.Тәрбиелік мәні жоқ. Төбелес,бірін бірі алдау,әйелге қол көтеру, өлтіру. Бір ғана "Көшпенділер" фильмін алыңызшы, қазақтың салт-дәстүрін білмейтін, намысын сезінбейтін шетелдік актер басты рольде ойнап шықты. Ол қазақтын тарихы емес жеке бір батырды мадақтау секілді.Бұл бір ғана мысал, айта берсең көп. Кезіндегі "Қыз Жібек", "Еңілік Кебек", "Атаманның ақыры", "Трансібір экспресі", "Менің атым Қожа" секілді тағы басқа фильмдер  деңгейінде ешқашан фильм түсірілмейтін шығар. Қайсы орыстың фильмі қазақша сөйлейді, тек біздің қазақтың фильмінде ғана қазақша-орысша аралас.Қимылдары да, сөздері де жасанды.
Саған қай ұлттың киносы жақсы неге өз отандық киносын қолдамаймыз неге біз сын айтуға шеберміз сын айтқаннан бірдеңе өгередіме?
Әрине жасандылықсыз, мағналы түсірілген фильм болса өзіміздік отандық фильмге не жетсін. Сын айтылмай бәрі керемет дегеннен не пайда, өтірік мақтау, мадақ айтып.
кино көп түсіре беру керек көбірек түсірсе үйренеді актерлерде өздері жұмыстану керекқо
түсе берсін, бірақ батысқа еліктеушілік коп қой
+1 дауыс
Біз ғана емес, барлық дамушы елдер, тіпті дамыған елдер де осындай кезеңнен өткен. Қазір бүкіл әлем бойынша кино өндірісінен түсетін жылдық кірістің 87 пайызы тек Голливудқа тиесілі, екінші орында француз фильмдері. Қазақ киносының көрерменсіз қалуына ең басты себеп - жаһандану үрдісі деп ойлаймын. Екіншісі бір себебі, біздің қоғамның тілдік ерекшелігі. Ел халқының жартысынан астамы ғана қазақ, оның ішінде қазақша фильмді көре алатындай деңгейде қазақ тілін меңгергендер қанша екенін білмедім. Кино индустриясы да кірісті көздейді, ол да бір өнеркәсіптің түрі. Фильмді түсірген күннің өзінде басқа елдермен салыстырғанда көп пайда түсе қоймайды. Сондықтан болар көрермен санын көбейту үшін қазақ тілі мен орыс тілін қатар қолдануға тырысатындары.

Біз кейде тым асыра сілтеп жіберетін сияқтымы. Аздап реалист болайық. Неге дамымаймыз? Мемлекет неге ақша бөлмейді? Айта-айта жауыр болған сол жаттанды сұрақтар. Қоғамның, халқымыздың, еліміздің өзіне тән ерекшеліктері бар. Біз "неге дамымайды?" деп сұрады екен деп дами салмайды. Сондықтан елімізге жаһанданудың қаншалықты әсер ететінін, халық саны, ел экономикасы мен кино индустриясының арасындағы байланысты, қос тілді қоғамның сипатын түсінген соң ғана сын айтайық. Режиссер түсіре алмайды, актер ойнай алмайды, сценарист жаза алмайды деп құр байбалам салудың қажеті жоқ. Көш жүре түзеледі. Қазақ киносының көші тоқтап қалған жоқ. Жүріп келеді, түзеліп келеді...
0 дауыс
Қазақ киноларында орыс тілді актерлер ойнап жүр.Сондықтан олардың дауыс екпінінен жасандылық сезіліп тұрады.Шұбарланған екі тілді кинолар көбейіп барады.Қазақ "қазақ боламыз" дегелі қаншама уақыт өтті?Кеңес үкіметінің кезінде де мұндай болмаған.
0 дауыс
Мен казак киносын отырып басынан аягына деин коргим келеди бирак коре алмаймын орыс актерларынын касында расында биздикилер але олай ойнай алмайды коргим келмей кетеди енди бар арасында коретиндери кей биреуи Менин жолдасым орыс киноларын коретин болгандыктан казак унди турик киноларын коруге карысы мен казакша кино корейкши деп алып артынан озим окинип каламын Биздикилердин бир кателиги кагаздан окыганын оз ойымен шынайы етип жеткизбейди мен сойлеген создерине коп ман берем коп кателеседи сосын тура кагаздагыны кагаздагыдай тизип тез тез айтып береди ондай жагдайды бирнеше рет байкадым жаттаганын олен айткандай етип айтады кателессе 2 кайтара айтады не ол ??? менин бир отинишим кагаздагыны кагаздагыдай емес оз создериниздей жеткизиндерши коп кинолардын басы кызык болып келип аягы кызыксыз болып кетеди
0 дауыс
Казыргы кездегы баска елдын кинолары,биздыкынен дамып кеткен.жане олар быздыкынен мыктылау.бырак бул маселены шешу ушын,балалардын озыне де кино тусыруге,жана багдарламалар курастыру керек, жане продюсерлердын жалакысын котеру керек
0 дауыс
Қазақша сериалдарды көріп тұрамын, қазір әр телеарналарда қазақша  телехикаялар көп, әзірше саны көбейіп жатыр, саннан сапа шығады ғой , Құдай қаласа.

Осы 2015-тің күзінен бастап барлық Қазақстандық телеарналарда телехикаялар көбейді. Мысалы

"Қазақстан"  ұлттық телеарнасында - "Қара  шаңырақ", "Өмірдің өзі новелла" т.б.

"НТК"-да "Айжан" , "Зауал", "Ауылдастар" , "Орыстар-шоу"

"Хабар"-да "Сүр бойдақ" , "Тракторшының махабаты" , "Зауре" , "Күләш" , "Құстар әні" т.б.

"Жетінші арна"-дада , сондай-ақ басқа телеарналарда да бірсыпыра телехикаялар түсірілуде.

Сондай-ақ "Он алты қыз" , "Келинка Сабина-2" т.б. фильмдер жарыққа шыққалы жатыр.
...