0 дауыс
2.2k көрілді
Қалай ойлайсың қазіргі жастар сыпайылық, ізеттілік, үлкенге құрмет көрсету сияқты асыл қасиеттерден алыстап бара жатқан жоқ па? Факт болса...

1 жауап

+1 дауыс
Ақбота,сәлеметсізбе.Сіздің ойыңыз өте дұрыс.Қазіргі кейбір жастар тәрбие дегенді мүлдем ұмытып кеткен десем дұрыс деп ойлаймын.Қарапайым маршрутта үлкен аталар мен әжелерге,аяғы ауыр әйелдерге орын бермейтін де жастар бар.Бұл бір жағынан санасының төмендігінен деп ойлаймын,сосын наушникпен музыканы бақыртып қойып отырады.Бұл мәселе қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі.Сондықтан алдын-алу шараларын өткізген дұрыс деп ойлаймын.Дебат немесе пікірталас,сауалнама түрінде болсын,тәрбиелік іс-шаралар жиі болып тұрғаны көп септігін тигізеді деп ойлаймын.Қазіргі кезде интернеттің де осы тұста көп жастарға жаман үлгі көрсететіні рас.Интернеттің пайдасы да,зиян жағы бар.Бірақ зияндығын көп жастар түсінбей,телміріп отырады да қалады.Керекті ақпаратты ғана пайдаланып,дұрыс жөнінде пайдаланған дұрыс деп ойлаймын.Басқа алып қосар ойым көп,бірақ уақытымның аздығына байланысты қысқа жауап қайырғанды жөн көріп отырмын.Өзім студентпін,кейбір жастардың бұндай әдепсіз қылықтары қатты қынжылтады.Бұрынғы жылдарда дәл мұндай әдепсіздік көп болған емес,мүмкін кейбір жастарға ата-ананың,немесе қоршаған ортаның,яғни достарының кесірінен осындай жағдайда болуы да ғажап емес.
...