+1 дауыс
4.7k көрілді

«Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай» деп жырлаған Мұқағали ақын туған күнінде достарына дастархан жая алмай, өкініш  танытқаны  белгілі. Ия, туған күн  - адам өміріндегі ең елеулі күндердің бірі. Туған күнді тойлау дәстүрі халық арасында ежелден қалыптасқан. Көне замандардан бері адамзат баласы жыл сайын адамның өмір есігін ашқан сағатында оны айналшықтап жүретін теріс күштер болады, олар адамға жан-жақтан қарғыс айтады деп сенген. Және сол қарғысты қайтаратын тірі адамдардың ақ тілегі деп тапқан да, осы күні дастархан жайып, өзінің ет жақындарын жинап, ыстық ықыласты баталарды тыңдайтын болыпты. Ал туған күннің ең басты дәстүрі – туған күн иесіне сыйлық беру. Мұсылманға туған күн тойлауға бола ма?

7 жауап

+1 дауыс
неге болмасқа?! Бастысы харамнан аулақ бол...
0 дауыс
Кім айтады осындайларды?Көрінген кітап оқып,интернетте жазылғандарға сене бермеу керек қой.Республикалық баспаханаларда шығатын және бас мүфтилардың кітаптарын оқу керек.Бөтен,МҮЛДЕ ИСЛАМ ДІНІНЕ ЖАТ дүниені қосып жіберулері әбден мүмкін авторы белгісіз болса.
0 дауыс
Мұсылман адам үшін атап өтетін,тойлайтын күн емес
Қай атамыз туған күн тойлап еді?
–3 дауыс
Сауатсыз дінге кіріп кеткен фанаттарға салсаң:-  мектеп, армия- отан қорғау, балабақша, аурухана, поликлиника, ЖОО,спорт, кредит  бәрі харам екен.  Еңбек етіп байып кеткен де харам екен, тек кедей болып, ештеңе істемей, қайыр сұрап отыру керек екен ел кезіп, олардың ойынша.

Таң қаламын, ананы өйтпе, мынаны сөйтпе  деп,бәріне тиым салатын, адамды өшіріп тастайтын дінді қайдан шығарып алған олар?.  Сонда адам не істеу керек?
Сонда Ислам діні сенің ойыңша ойдан шыққан дінбане?
Ислам діні саған саған және сен сияқтыларға ойыншық па не?. Дұрыстап қабылдасаңдаршы, көздеріңді ашып.
Мен ойыншық дедімбане саған тек ислам діні саған ойдан шықан дінбане деп сұрадым?
Еңбек етіп байып кетсе харам деп қай жерде жазылған екен?
Байлардың бәрі бай болып туылған жоқ, оған ислам берген жоқ,. ол байлық олардың еңбегінің жемісі.
Ислам емес Аллахтың берген ризығы.Қаласа бай,қаласа кедей қылады Аллахтың қолында барлығы.Бұл жерде ешкім ислам байлық береді деген жоқ қой Тәке.Менің сұрағым әуел баста сіздің сөзіңізге бағытталып қойылған еді.Еңбек етіп,бай болу харам деп келген бе исламда?
Адамның бәрі бірдей емес, біреулері діни мәліметтерді сауатсыз басқаша қабылдайды, сондықтан дінге де дұрыс зейін қойып, сауаттылықпен кіру керек.   Мен мысалы: батыстың құйтырқы бұрмаланып- исламды жиіркенішті етіп көрсететін басқаша діни ағымдарды бірден түсініп қоямын, ал біреулер сол ағымға кіріп алып кертарпа исламда адасып жүр, адасып жүргендері былай тұрсын, олар жиналып бас қосып көбейіп, біртүрлі ұйым құрып жүр, мен соларды айтқанмын басында, ал оны біреулер түсінбей жатыр мына сайтта.  міне сондай бұрмаланған исламда бәрі харам екен, кеорек болса өнер де харам деп жатыр. Сен ондайларды көрген жоқсың ба, мен өз көзіммен көріп олармен біраз әріптес болып жүрдім мемлекеттік қызметте.  ол адасқан мұсылмансымақтар намаз оқудың орнына үш мезгіл оңашада отырып 1 сағат бастарын шайқайтын шайқамалары да бар, міне солар ғой ТУҒАН КҮН ді атап өту харам, байып кету харам дейтін.Соны шатастырып алмаңдар, мен соларды айттым. Ал нағыз таза исламды мұнда арластыр туралы ойым болған жоқ, ол туралы сөз болған жоқ, өйткені бұл сайтта діни мақалалар жазуға ұрықсат берілмеген, заңы солай екен.
0 дауыс
Сосын тағы да айтамын,  Байлықты құдай бермейді саған, құдай саған аяқ қол, көз, ми берді жұмыс істесін деп, турасын айтқанда сынау үшін.

"Байлықты көктен тілеме, еткен еңбегіңнен тіле" дейді Қазақ, Исламда да солай айтылған.

Ал сендер болсаңдар, құдай ризық берсе бай болар едім деп армандап жатқыларың келеді. Ал ризық берді дейік саған, сен ризығық алдым деп екі аяқты аспанға көтеріп жата берсең, байып кетесің ба не?

Ондайды көрмеппін.
Християн орыстарды Алла тағала қолдап, оларға мол ризық берген екен да, әлемнің тең жартысын соларға берді, ұшы-қиыры жоқ, асты үсті тола байлық, теңіз-мұхиттар, жерлері керемет орманды,аң құстары көп байлықтары асып-тасып жатыр, жұмысты өліп-өшіп істемей ақ.  Осыны айтқың келіп отыр ма? Ризықты Алла береді деп,  Айналайын-ау, сол орыстар мұсылман да емес қой, кезінде қатты еңбектеніп,сол жерлерді басқа ұлттардан күштеп тартып-басып  алған.
еңбек етпесең ризықты қайдан берсін?
Хмм Тәке тағы басқа арнаға ауып кеттіңіз.Мен Аллах ризықты тек мұсылмандарға береді дедім бе?Оны қайдан шығардыңыз?
Содан соң беруші Аллах екен болды енді жамбастап жата беремін деген еш қағида жоқ.Мен оны меңзегенде емеспін.Еңбек ету,адал жолмен табыс табу,байлық жинау сондай бір исламға жат дүние емес.Бірақ Аллах пендесінің тағдырына ризығын,белгілі мөлшерде дүние-мүлікке ие болатынын жазып қояды.24 сағат тынбай жұмыс жасасаңда одан артық ала алмайсың,одан кемде берілмейді.Бірақ тағыда айтам ол ал құдай ауызға сал құдай деп жату емес
Тақырып ризықта емес еді да негізі? Оны қоя тұршы Ризық деген не?    Тағы айтамын, өзің қимылдап жұмыс істемей, саған ризық жоқ!

Сосын сен менің  жоғардағы жалған, сауатсыз мұсылмансымақтар туралы берген жауабымды аттап кетіпсің сол еді ғой негізгі талқылап жатқан мәселеміз.
Адамның бәрі бірдей емес, біреулері діни мәліметтерді сауатсыз басқаша қабылдайды, сондықтан дінге де дұрыс зейін қойып, сауаттылықпен кіру керек.   Мен мысалы: батыстың құйтырқы бұрмаланып- исламды жиіркенішті етіп көрсететін басқаша діни ағымдарды бірден түсініп қоямын, ал біреулер сол ағымға кіріп алып кертарпа исламда адасып жүр, адасып жүргендері былай тұрсын, олар жиналып бас қосып көбейіп, біртүрлі ұйым құрып жүр, мен соларды айтқанмын басында, ал оны біреулер түсінбей жатыр мына сайтта.  міне сондай бұрмаланған исламда бәрі харам екен, кеорек болса өнер де харам деп жатыр. Сен ондайларды көрген жоқсың ба, мен өз көзіммен көріп олармен біраз әріптес болып жүрдім мемлекеттік қызметте.  ол адасқан мұсылмансымақтар намаз оқудың орнына үш мезгіл оңашада отырып 1 сағат бастарын шайқайтын шайқамалары да бар, міне солар ғой ТУҒАН КҮН ді атап өту харам, байып кету харам дейтін.Соны шатастырып алмаңдар, мен соларды айттым. Ал нағыз таза исламды мұнда арластыр туралы ойым болған жоқ, ол туралы сөз болған жоқ, өйткені бұл сайтта діни мақалалар жазуға ұрықсат берілмеген, заңы солай екен.
0 дауыс
Менің ойымша болады тек туған күн емес "Жаңа жыл"-ды да қарсы алуға болады.Логика жағынан ойланса бұл ешқандай күнә емес.Құранда "Жаңа жыл"туралы ұғым жоқ шатаспасам сол секілді "Туған күн тойлау тойламау"деген ұғымда жоқ.
0 дауыс
Ол да негізі христиандардан келген. Бірақ, діни мейрамдары емес. Сондықтан мұсылмандардың да тойлауына рұқсат.
...