Алмұрт жеп шаршағанды басуға, мазасыздық пен ұйқысыздықтан арылуға болады. Медицина мамандары кеңседе отырып жұмыс істейтіндерге шаршаңқылық, торығу, ұйқысыздық пен жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алу үшін алмұрт жеуді ұсынады.
Диетологтар алмұрттың құрамындағы дәрумендердің молдығынан ас қорыту жүйесінің жұмысын белсенді жүргізетінін айтады. Алмұрт ағзаны тазалайды, терінің өңін жақсартады, сонымен қатар табиғи күш беруші болып табылады.
Күнделікті екі алмұртты ашқарында немесе тамақтан соң жарты сағат өткеннен кейін жеп жүрсе, адам өзін сергек сезінеді.
Ұйқысыздық салдарынан, ең алдымен, көз ауырып, бұлдырайды. Егер, бұл белгілер созылмалы дертке айналса, адам глаукома сияқты ауруға ұшырауы мүмкін, дейді ғалымдар.
Мамандардың пікірінше, егер адамның ұйқысы қанбай жүрсе, оның салдары ишемиялық оптикалық невропатияға әкелуі мүмкін. Көз нерві зақымданып, адам кенеттен көрмей қалады.