Заң | 146 қаралды
146 қаралды
Төрт айлық баланы автокреслоға отырғызбаса болама? Себебі жүретін жол өте ұзақ.

1 жауап

Негізі заңда "автокресло" деген ұғым жоқ. Заң 12 жасқа дейінгі балаларды  "арнайы ұстау құрылғысының" көмегімен тасымалдауды міндеттеген. Арнайы ұстау құрылғысында тасымалдануы тиіс балалардың төменгі жас мөлшері бекітілмеген, бұл дегеніңіз аталмыш міндеттің 12 жасқа дейінгі барлық жастағы балаларға қатысты екендігін бекітеді.  Біздің елде, уәкілетті органмен бекітілген  СТ РК 41.44-2012 санды стандарт жүйесі бар, онда балаларды арнайы ұстау құрылғысы балалардың салмағына қатысты бес топқа бөлінген, бірінші топқа, салмағы 10 кг дейінгі балаларды тасымалдауға арналған арнайы ұстау құрылғылары жатады. Төрт айлық баланы тасымалдауға қатысты осы стандарт нормасы қолданылады. Төрт айлық балаларға арналған арнайы ұстау құралдары орысша "автоколыбели" немесе "автолюльки" деп те аталып жатады.
118,356 сұрақ
305,199 жауап
153,292 пікір
67,551 қолданушы