0 дауыс
41.8k көрілді
Салеметсыздерме, менын курбымнын баласы 6-7 айлык болып калды мыне сол бала туылгалы ознын ата-ажесын ягни акесы жагынан тыптен кормеген. Ол туылганнан кейн жалдамалы патерде куеуымен 5 кун турган содан екеуы келыспей курбым озынын торкыныне кетеды. Мыне содан беры куеуы жактан ешкым келмеген. Ал курбыма кеше куеуы телефон шалып киымдернды жинап кел мен саган бармаймын егер келмесен баскага уйлене берем, баланы 4 жаска келгенде зан бойынша озыме аламын деп хабарласыпты. Бала куеунын тегынде. Ал курбым ажырасуга арызданбакшы, бырак баланы тартып ала ма мен сонша багып какканда,- деп жылагандай болып отыр. Сыздерден отыныш осы суракка толык жауап берыныздершы!!! Куей баланы солай оп-онай алып коя салама?

27 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Балалары бар болған жағдайда оның тәрбиесі кімге жүктеледі?

Статистикаға жүгінетін болса ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда 90 % бала анасында қалады

– Бірақ заң алдында ата-аналар баланы өсіруге тең құқылы. Балаға кім жақсы тәрбие беріп, оның өсуіне жақсы жағдай жасай алса, бала соның тәрбиесіне өтпек. Кейде анасының ішімдікке салынуына байланысты әкелеріне беріліп жатады. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей көп жағдайда анасында қалады.
Егер сот баланы анасында қалдырған жағдайда, әкесі баланы көре алмайды деген сөз емес. Ол өз баласын көруге құқылы. Көп жағдайда әйел адамдар балаларын әкесімен кездестірмей жатады. Осындай жағдайда әкесі баласымен кездесу уақытын белгілеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы. Іс қарау барысында сот әкесінің қай уақыттан қай уақытқа дейін баласын көре алатындығы анықтап арнайы кесте құрайды.
Бала 10 жастан асса «Балалар құқықтары туралы» және «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес, өзінің кіммен тұратындығын таңдау бойынша пікірін айтуға мүмкіндігі бар. 14 жастан асқаннан кейін бала кіммен әрі қарай тұратынын өзі таңдау жасайды.

Қандай жағдай болмасын Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңның 26-бабы бойынша баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
Ал бала кімде қалуын ата-анасы келісу арқылы шешеді. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

Толығырақ Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінде (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518)

0 дауыс
Ажырасқан жағдайда 90 % бала анасында қалады оның үстіне әлі сәби болса. Тек анасы бас тартса ғана әкесіне беріледі.
0 дауыс
арие анасына бериледи гой зан солай
+2 дауыс
Менің білуімше заң жүзінде олар ажыраса алмайды, себебі нәресте тым кішкентай ғой, күйеуі оларды барлығымен қамтамасыз етіп отыруы керек қой.Ал ажырасқанның өзінде бала үш жасқа дейін анасының қасында болуы керек.Ал болашақтағы жағдай баланың әкесінің әрекетіне байланысты болуы керек, яғни егер ол баласын қамтамасыз етіп отырса, жағдайын біліп отырса, мүмкін әрине Құдай сақтасын, бірақ біреудің баласына біреу ана бола ма? Оның өз анасы тірі тұрғанда!
0 дауыс

Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.

 

0 дауыс
Әрине анада қалады.
+1 дауыс
егер  сәби болса  анасына  беріледі, ал  егер  10 жастан  асса  өзі  таңдайды
0 дауыс
Бұны он жасар бала да біледі.Әрине анасына қалады
0 дауыс
анасына калады, онын устыне бала алы саби гой
–1 дауыс
Қазір бала сәби болған соң анасы менен бірге болады. Ал кейін бала есін таныған соң сұт болып баланың кімде қалатындығы өзінен сұралады.
0 дауыс
Заң бойынша бала анасына қалдырылады.
0 дауыс
Арине анасында калады бала 12ге келгенде озынен сурайды
0 дауыс
Арине анасында калады бала 12ге келгенде озынен сурайды.Себебы бала алы кышкентай акесы зан жузынде казир сизден ала алмайды меним басымнан откен сон сизге айтып отырмын
0 дауыс
салематсыздарма мен жолдасыммен кредит ушин болек еки баламыз бар балдарым енеммен жолдасымда маган бермеди кредитинди толе сосын бирге турамыз дейди балдарымды корсетпегенине 6 ай болды кредитм 700 000 тенге оны айна 10 000 нан толеп отырмын барин толеп кел деп притензия койып отыр ондай менде акша жок жауып тастайтын мен сотка арыз берсем балдарымды алаламба аналык кукыгымнан айырмайма деп коркып журмин 6 ай да барып турдым балдрыма брак бермей тур балдарымды енеммен жолдасым сот алып бере алама осындай жагдайда
Менің 2 ұлым бар. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкер болып  жұмыс істеймін. некедемін. Бірақ ажырасуға себеп көп. Күйеуімнің туыстары жағынан. Ажырасқанда баламды куйеуим алып қоя ма деп қорқамын. Өйткені олардың материалдық жағдайы жақсы, сонымен қатар улкен улымды ата-ажесі бауырына басып өсіріп келеді. мені анасы деп ойламайды да. Балам мені қатты іздемейді, жақсы көрмейді, куйеуимнин туыстары баламды маган карсы койып отырган секилди. Улкеним 4ке келеди, екиншим 3ке келеди. Мен заңның барлығын оқып шықтым, Кодекстерді де. Анасында қалады деген мүмкіндік нақты жазылмаған. Қорқамын, заңгердің көмегі қажет. Мен балаларымнан айырылгым келмейди, дуние мулик керек емес.
0 дауыс
Ассалаумагалейкум! Менин сурагым! Мен акемин улым 7 ай! Ажыраскалы жатырмыз! Акесимен бир рет кездесуи канша уакыт болады?

Ұқсас сұрақтар

...