+2 дауыс
315 көрілді

Күнде өзгере беретін заңдар қаптап кетті. Егер алдыңғы заң толық емес немесе қате болған болса сол заңды құрған жауапты адамдар неге жазаға тартылмайды? Неге оп оңай халықпен ойнайды олар? Тіпті лауазымынан босатылғанның өзінде жауапқа тартатын заң неге шығармайды? Патриотизм қайда бұл жерде? Автокресло туралы заң естеріңізде ма?

5 жауап

+1 дауыс
Жақсы ғой,дым жасалмай жатыр деген сөз болмайды.
Еңбектерін жоққа шығарып жатқаным жоқ. Бірақ қарапайым ұсақ кәсіппен айналысатын халық үшін заң өзгере берген берекесін кетіріп жібереді.
+2 дауыс
Адамдар күн саиын өзгеріп жатқанда, қалаиша заң өзгермеиді... Әрине өзгереді!
Адамдар өзгергені рас, бірақ заңның өзгеруге керек тұсы өзгермей жатқаны жаман да. Қай чиновникты жемқорлықпен ұсталғаны үшін қатты жазалады? Бәрі жұмсақ жазалармен құтылып кетіп жатады.
+1 дауыс
Депуттар сондай демек. Жалтақ көбісі.
Депудаттар - оларды танымайм мен. Халықтың арасына келіп қайсысы жағдайды сұрапты? Әлде халықтан бір жері артық туған ба?
Халық жағында жақтасатын адамдар бар олар міне сендер таңдаған - депудаттар  деп халықтың аузын жауып қояды. Қай депудат өзінің жалақысын жылы орнын халық үшін келісе алмаған шешімдер үшін тастап кетіпті? Жоға  бәріне майдай жағады ол орын. Халық келіп өз мәселелерін айтады депудатқа (әрине олар бір құлағынан кіргізіп екіншісінен шығарып жібермесе) , ал депудат ең алдымен өзінің креслосы мен жалақысын авторитетін ойлап барып шешім қабылдайд. Егер жақпаса шағымың, онда оңай сылтаумен тойдырып кері қайтарып жібереді.
+1 дауыс
Заңдарды көбіне өзгертетін депутаттар емес, лоббистер өзгертеді, мықты кәсіппен айналысатын адамдар өздеріне керек заңдарды пара беріп сатып алады!
+1 дауыс
Былтырғы шығарған кодекстер енді босқа жатады шаң басып.

Ұқсас сұрақтар

...