+2 дауыс
458 көрілді
Күнделікті өмірде онсыз да теңгені қолданамыз ғой. Доллардан бас тарту деген - ол қалай? Оның теңгенің күшінің жоғарылауына қандай әсері болады? Теңгенің күшін жоғарылату үшін, доллардан бас тарта аласыз ба?

7 жауап

–3 дауыс
Доллар деген не бәле ?  Ол саған бірдеңе деп жатыр ма?
Отыр ғой ол долларың тілі байланып сол жерде.
0 дауыс
Тұр ғой ол доллар өз алдына, теңгеңе еге болыңдар.
0 дауыс
Теңгені сақтап қалу үшін, доллар мен евродан бас тарту керек.
+3 дауыс
Теңгенің құнын көтеру үшін ең алдымен шетелден тауар алмай,бәрін өзіміз өндіріп,сыртқа эспорттаумыз қажет.Сонда теңгеміздің құны көтеріліп,еліміздің экономикасы дами береді.
Бұныңыз дұрыс енді.Доллардан бас тартқаннан пайда жоқ.Импортқа тәуелдіміз бәрібір
0 дауыс
Мен алиэкспрессіз өмірімді елестете алмайм даже:))
Оған доллармен төлейма ? Қалай төлейді? Қанша уақытта келеді?
0 дауыс
доллардан бас тарту экономиканы түпкілікті құрту деген сөз. Біздің елде Қытай сияқты мықты экономика жоқ, доллардан бас тартатындай
0 дауыс
Кейбір ақпараттарды оқып,мынадай ой келді:

Біздің билік теңгені әдейі еркін айналымға жіберді,бұл факт.Нәтижесінде теңге құлдырады.Құлдырайтынын білді ғой,еркін айналымға жіберуге не себеп?Себебі халықтың теңгеге деген сенімін жоғалтып,Ресей ұсынып отырған ортақ валютаға көшу.

Біз теңгеден бас тартпауымыз керек,сондай ақ доллардан да.Себебі еліміз сыртқы саудада осы доллармен есептеседі.Ал теңгеміздің құнын арттыру үшін не істеуіміз керек?Қалайша долларға тәуелсіз бола аламыз? Біздің долларға тәуелді болу себебіміз Қазақстанның экономикасы әлемдік саудадағы мұнай мен газдың бағасына тәуелді.Осы мәселені шешу туралы билікте талай пікірталас болса да,әлі бір шара жасалмапты-мыс.Тезірек қолға алып,бұл мәселені реттеу керек.
Осы халыққа пайдасы жоқ мұнай мен газды жауып тастасақ бай болып өмір сүрер еді қазақтар, малы бар, астығы бар миллиондаған тонна...... айта берсең көп алтын-күміс уран, деп кете бересің.
...