+1 дауыс
501 көрілді
Тұрмысқа шығуға қорқасыз ба? немесе уйленуге. Ата-анаңызды каншалықты уайымдайсыз, ойлайсыз? Жақыныңыз үшін армандарыңыздан бас тарта аласыз ба? бәрімізде бала болдық. Таудай таудай асқақ армандар болды. мектепте жүргенімде завод ашып елімді көркейтемін, апайларымыз уйреткен ірі тұлғалардай мықты болам деп ойлаушы едім. Бірақ өмір , қазақтың тұрмысы, елдің тынысы, бәрі мүлдем басқаша. шыны керек арманды жүзеге асыруға қолайлы жағдайда емес. Мен тұрмысқа шығуға қорқамын. әрі ата-анамды қатты уайымдаймын.осы уақытқа дейін бала болып ойын дедім, оқушы боп дос дедім, вузға түсіп оқу дедім. Ана-анама енді қолғабыс болам ба десем, өмірдің одан да үлкен белесі семья , бала-шаға секілді үлкен үлкен жауапкершіліктер күтіп тұр. уақыт  болса зырлап өтіп барады. Сәл де болса тоқтата алмайсың.мен ештеңеге улгермей жүрген сияқтымын. Өмірдің мәнін түсіне бастағанымда, жүрекке Иман -аллаға сенім керек дедім де иманымды дұрыстадым, өміріме -намаз , ораза секілді амалдарды қостым. Казір барі шүкір. Жұмысым бар, ата-анам жанымда. бауырларым жанымда. Бірақ өмірім бір сарынды. Шариғатта айел заты  күйеуіне мойынсұну керек, сол үйдің бір адамына айналу керек. Өз шыққан жеріңді емес , 1-ші орынға жолдасыңның аулеті тұру керек. Осының бәрін ойласам, ой түбіне жете алмайм. Сіздер қалай ойлайсыздар? ойларыңмен бөліссеңіздер. Қазір оқусыз күнің қараң. әрі ЖОО дипломы да жарамсыз боп, жұрт магистратураға түсіп әлек. Менде көштен қалғым келмейді, бірақ  қашанғы оқи берем деп те ойлайм. Адамдар адамшылықты ұмытып бір қол жетпес нәрсенің соңынан  журген сияқты боп көрінед. Сіздер қалай ойлайсыздар? мысалға менім досым олда әке шешесін қатты уайымдайды. Өзі қалада ЖОО да оқиды. Квартирада тұрады. Оқудың ақшасын төлеуге кассаға келгенде, 100 мыңдап қалтаңнан суырып есепшіге бергенде акемнің қасыктап жиған терген еңбегі-ай деп, қатты қынжыламын дейді. ойларыңмен бөліссеңіздер. Ойым өте шаңыраңқы жазылыпты. Айып етпеңіздер. Мұндағы басты қозғалатын тақырыпшалар, бала күнгі арман, ата-анаң, жақындарың, жауапкершілік, өзің құрғалы отырған жаңа жануя мәселелері.

5 жауап

0 дауыс
Менің кішкентайымнан келе жатқан арманым бар,сол арманыма жету үшін барлығына дайынмын.Бірақ жақындарым үшін армандарымнан бастартпас едім,керісінше осы істің дұрыс шешімін табуға тырысар едім.Нақты бір шешімге келіп ,сол бойынша әрекет етер едім.Ең бірінші ата-анам алдындағы парызымды өтер едім.Ал сізге келетін болсақ,сізге Аллаһым жар болсын!Осы түзу жолдан сізді ешкімде айыра көрмесін.Ең бастысы өзінізге сенімді болыңыз.
0 дауыс
Жақындарым үшiн мен бәрiне барам.
+2 дауыс
Аллаһтан тілеңіз, шешілмейтін түйін болмайды.
джазака аллаху хайр
0 дауыс
Кішкентайымнан бағып-қаққан ата-анам,бауырларым үшін өмірімді де беруге дайынмын!!!
0 дауыс
Қыз болсан бас тарқанын жөн!
...