0 дауыс
493 көрілді
Қазіргі кезде әлеуметтік желілерде нақты айтар болсам, вк желісінде жастардың жеке страницаларын ашып қалсаң, тек махаббат турасындағы жазбалар. Мәнді болса бір жөн. Барлығы дерлік мұңды. Бір-біріне жете алмай жүрген  ғашықтар.Оның іші жеке страница емес, сезімдерінің топтамасы сияқты. Мектепті бітірмегендер ғой көпшілігі. Әлден өмірден түңіліп не болған, деп коясың? Бұл жазбалар шынында мұңды, жүректерін жаралап жүрген сезім бе? Әлде жай ғана мұңды маска ма?

4 жауап

+2 дауыс
Ғашықтық дерт емес. Егер дерт болса оны емдеудің де қажеті жоқ. Адамдар көңілді бетперде кисе киер, бірақ мұңды бетперде кимейді. Демек шынымен жүрегі жаралы болғаны. Мүмкін жазбалар мәнсіз болар, бірақ мәнсіз сезім деген болмайды. Махаббат сезімі мен мектеп бітірудің түк қатысы жоқ. Мұңаюдың бәрін өмірден түңілумен шатастырған жөн емес. Сіздің де шынайы ғашық болуыңызға тілектеспін!
+2 дауыс
Қайрат Нұртастың әндерін тыңдай бергесін ғо.
0 дауыс
Олар махаббаттың дертінен ауырып жүрген жоқ,махаббаттың не екенін де түсінбейді ғой олар әлі.  Олар  сөздің ашығы керек, ақшалары жоқтықтан, қу жоқшылықтан ауырып жүр, сүйгендерінің көңілінен шыға алмай . Жастарға үйлену үшін мемлекет тарапынан көмек ақша, үй беретін болса проблема шешілер еді 30-40 жасқа дейін бойдақ болып, сақырлап жүре бермей. Өзбектердің жастары 18-19 жасында уйленіп бала-шағалы болып, олар қазір 31 миллионға жетті, ал Қазақтар болса сол 1991-ші жылғы санақ бойынша 17 миллион еді, әлі сол 17 миллионнан аса алмай жатыр, бұл деген не масқара. Асты да  үсті де байлыққа толы Ұлан байтақ жерімізді қалай қорғаймыз, бұлай беймәлім жалған махаббат дертіне шалдығып, мұңайып-қайғырып, жылап-еңіреп жүре берсеңдер.
0 дауыс
Махаббаттың не екенін мына қыздан сұраңдар, осы қыз ғана түсінетін сияқты.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
15 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 20.08.2020 Денсаулық сұрақ қойды
...