+1 дауыс
5.0k көрілді
Бет терісін (кожа) ағартуға арналған маскалар керек еді. Үй жағдайында!?

3 жауап

0 дауыс
http://secretface.ru/uxod/kak-otbelit-lico-v-domashnix-usloviyax.html осы сілтемеде жақсы жазылған, оқып көрсеңіз болады.
+1 дауыс
Орыстың ұлы ақыны Антон Павлович Чехов айтпақшы : "Адамда барлығы тамаша болуы тиіс :Беті де,киімі де,жаны да,ойы да... "

Кез келген адаммен танысқан кезде , бірінші оның бетіне назар аударамыз.Адамның бетін зерттеп оның  мінезін,өмір сүру  салты,жалпы жағдайын білуге болады .

Бетке әрдйым күтім қажет(әсіресе 25 жастан кейін).Бірақ ол үшін көп ақша қуртып, косметологтан косметологқа жүгірудің қажеті жоқ! Үй жағдайында жасалатын табиғи маскаларды қолдануға болады. Үй жағдайында жасалатын маскаларды аптасына кем дегенде 1 немесе 3 рет 2 ай бойы жасау қажет. Сонда ғана нәтижесін көре аласыз. Масканы қолданар алдын бетіңізді жақсылап жуып жуыңыз, көз айналасымен ерінге жағуға болмайды . Маскаларды бетке жаймен жағу керек ,әйтпесе бетіңізді ерте әжім басып кетеді.Ең маңыздысы кезкелген масканы қолданудың қажеті жоқ , өзіңіздің бет терісіне келетін масканы таңдаңыз.

1. Барлық бет терісіне арналған маска

-Жұмыртқадан жасалған маска
Бұл маска бетті тазалап , бетке рең береді.
1ас қасық жүгері ұнын алып оған 1 жұмыртқаның ағын қосып жақсылап араластырып бетіңізге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып тастаңыз.

-Бұл маска бетті тазалайды және ағартады. 3-4 күнге бидайды суға жылы жерге жібітіп қойыңыз .ол өніп шыққан соң блендерден өткізіп, дайынболған ақ
сұйықтықты қоқыстан ажыратып алыңыз.Сосын бетіңізге жағып, 10 минуттан соң жылы сумен жуып тастайңыз.

 

2. Құрғақ бетке арналған маска.

1 ас қасық балға 2 ас қасық өсімдік майын және 2 дана жұмыртқаның сарысын қосып барлығын араластырып сәл жылытып бетімізге әр бес минут сайын жағып отырамыз да 20 минуттан соң жылы сумен жуамыз.

3. Майлы бетке арналған маска
-Балдан жасалған маска.
Бізге керегі: 100г бал, 25мл арақ, 25мл су. Балды ерітіп, оған арақ пен суды қосып жылы күйінде бетімізге жағамыз да 15 минуттан соң жуып тастаймыз.
Бұл маскаларды неше жастан асқандарға пайдалануға болады?
0 дауыс
Бұл маскалардың құрамында тек табиғы өнімдер болғандықтан, кез келген жастағы қыз-келіншектерге,әйелдерге пайдалануға болады . Бірақ 25 жасқа дейін қазақтың әрбір  ханшайымына өзінің табиги сұлулығы жеткілікті деп ойлаймы .
Ханым, табиғи сұлулық болғанмен де, бет терісін ағартуға сұраған едім.

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
17 жауап
+1 дауыс
3 жауап
...