0 дауыс
953 көрілді
Бетке арналған түрлі маска қолдандым еш кетпеді миша да глина да корейский кремде кəзір пенкамен қара маска қолданудамын бірақ біреуі кетсе біреуі шығады!Қалай навсегла құтылуға болады?

1 жауап

0 дауыс

Безеуге қарсы маскалар

 1. Түрлі дәрілік өсімдіктерден безеуге қарсы әсерлі маска жасауға болады. Мысалы: 1 шай қасықтан түймедақ гүлін, жалбыздың жапырағын және көк шайды алыңыз. Қоспаға 1 стақан қайнаған су қосып, суытып қойыңыз. Осы тұнбамен безеу шыққан теріні таңертең және кешке сүртіп тұруы тиіс. Тұнбаны тоңазытқышта сақтау керек.

 2. Безеуді кетіру үшін кәдімгі тіс пастасында қолдануға болады. Тіс пастасы міндетті түрде ақ болуы керек (түрлі түсті болмағаны абзал). Дәрілік өсімдіктердің қоспасынан болса тіпті жақсы. Түнде әрбір безеуге тіс пастасын жағыңыз, таңертең безеулер кеуіп кетеді. 3. Безеулерді кетіруге жолжелкеннің жапырақтарыда көмектеседі. Жолжелкеннің жапырақтарының шырынымен безеулерде күніне 2-3 рет сүртіп тұруы тиіс. Осылайша беттегі безеулерден арыласыз. 4. Түймедақ тұнбасы халық медицинасында безеуге қарсы кеңінен қолданылады. 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық кептірілген түймедақ гүлдерін қосып, 5 минут қайнатыңыз. Содан соң, 30-40 минут тұндырыңыз. Осы тұнбамен күнделікті таңертең және кешке безеу шыққан теріні сүртіңіз.

Аспирин маскасы – бет терісін оңай және жылдам жақсартуға таптырмас, арзан маска. Кез келген дәріханадан табылатын аспириннен пайдалы маска жасауға болатынын көпшілік біле бермейді.  Аспирин майлы бет терісін құрғатып, безеудің алдын алады. Егер бет терісі құрғақ болса, аспириннің өзінен ғана жасалған масканы қолданбаған дұрыс. Эпидермисті нәрлендіру үшін аспирин маскасына ара балын қосқан жөн. Мұндай маска ерекше күтімді қажет ететін проблемалы тері үшін өте пайдалы, сонымен қатар, бет терісін безеулерден арылтып, теріні тегістейді, әрі ондағы ұсақ тесіктерді тазалайды. Масканы бетке жақпас бұрын одан қандай да бір аллергия болмайтынына көз жеткізу керек. Ол үшін дайын маска қоймалжыңын аздап қолдың сыртына жағып көріңіз. 

Масканы жасау үшін аспириннің 4 таблеткасын ұсақтап, оған 1 шай қасық су және бірнеше тамшы бал тамызамыз. Бәрін жақсылап араластырып, көздің айналасын абайлап бетке жағамыз. 10 минуттан кейін масканы жылы сумен жуып тастау керек. Егер масканы бетке жаққан кезде күйдіретін болса, бірден жуып тастау керек.

 

Ұқсас сұрақтар

...