0 дауыс
1.5k көрілді
Мағынасы мен тәрбиелік мәні жоқ мақалдарды білесіздер ме? Білсеңіздер жазыңыздаршы, әдебиет пәнінен керек.

1 жауап

+1 дауыс
Мақал- мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой- әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады. Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл- нақылды өлең жолдарына бай. “ «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын» ” деген жолдар осының дәлелі. Ақын өзінің бірсыпыра шығармаларында кейбір мақал, мәтелдер жөнінде ғылыми пікірлерде айтқан. Кейбір мақал, мәтелдердің зиянды мәнін ашып, сынап отырған. Мысалы, Жиырма тоғызыншы сөзінде “ «Жарлы болсаң, арлы болма» ” деген мақалдың теріс тәрбиелік мәнін аша келіп, керісінше, “ «Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің құрысын» ” дейді. “ «Қалауың тапса, қаржанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» ” деген мақалдарды келтіреді де, “ «сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой» ” дейді. “ «Атың шықпаса, жер өрте» мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?..», «Алтын көрсе, періште жолдан шығады» ” деген мақал женінде “ «періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтыңды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны» ” деп реніш білдірген. Ақын пікірінше, “ «қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар... Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек...».
Тағы қандай мағынасы жоқ мақал білесіз? Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі тақырыбынан берілген үй тапсырмасы еді.
...