0 дауыс
7.6k көрілді
... мағынасын ашық көрсетiп берiңiзшi ?!

4 жауап

0 дауыс
Данышпан бола тұра түсінбегенің қызық екен
Түк қызығы жоқ,данышпан да,дана да қарапайым адамның білетінін білмейтін  кездері кездері де болады.
+1 дауыс
Меніңше былай:алыстағыны алғанша жақын жердегі затты ал,ол әрі оңай,әрі тиімді,яғни алыстан арбамен ауыр зат алғанша жақында тұрған затты  дорбамен ала сал деген шығар деп түсінем
+2 дауыс
Мен сізге қазіргі таңның іс-әркетімен түсіндіріп берейін. Мысалы сіз бір нәрсені алыстан іздеп әуре болмай, жақын жердегісін ала сал деген. Ел арал қыз іздегенше өзіңе ұнайтынжақын ауылдардағы, аулыңдағы қызды ала сал деген секілді
+1 дауыс

Қазақ халқы дана, сөз қадірін аса құрметтеген. Сондықтан бабаларымыздан қалған сөзді тура сол сөздің,немесе сол сөйлемнің ғана айналасынан іздесек,онда ол даналықтың аясын тарылтып аламыз. Ол мақалдың,накылдың немесе мәтелдің мағанасынан іздеуіміз керек болар. Мысалы:"Алыстан арбалағанша,жақыннан дорбала"- деген мақалды арба мен дорбамен шектеліп қалмай кеңірек қарастырып көрейік. Адамдардың кейде жанында жатқанды көрмей,аспандағы жұлдызға қол созатыны болады,сөйтіп ешқайсысында ұстай алмай қалатыны болады. Осындайда жұлдыздарға қарай бермей,жерге де көз сала жүр дегендей болмай ма? Сол сияқты "Көтере алмайтын тасты беліңе байлама",Аттыға ілесіп жаяудың таңы(бұты) айырылыпты"- деген де сөздер бар,бұл сөздер де осы мақалдың мәнін ашып тұрғандай. Сонда байқауымда бұл мақалдардың негізгі айтпағы "Шамаң келмейтінге жүгірме, шамаң жеткеннен айрылма"-дегендей сияқты.

...