Осы өленнің негізгі тақырыбы, тәрбиелік мәні қандай

0 дауыс
878 қаралым
Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.
Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық,
Тастаңыз жамандықты толып жатқан,
Құрметті ел билеген хакімдер де
Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан.
Бас салып зарлы, мұңлы, кем-кетікті
Бүркіттей тырнағымен бүріп жатқан.
Әркімді арбауына түсірем деп,
Түлкіше сол құйрығын бұлаңдатқан.
Жүзіме көрінгендер көз салар деп,
Өн бойын тоты құстай сылаңдатқан.
Жатырмыз біз қараңғы ұзақ күнде,
Көрінбей жарық сәуле бір таң атқан.
Желкелер старшының бейшараны,
Таба алмай кедей ақша, жапа тартқан.
Ұлыққа кімнің сөзі жете берер,
Осындай жұмыстар бар толып жатқан.
• Санаты: Кітап, Әдебиет
қайта ілмектеді | 878 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Қазіргі заманда болып жатқан жағдайды баяндағысы келген сияқты. Бірақ, бұл жағдайлар әр заманда да болған сияқты. Біз қазір  тек  технологиялық тұрғыда дамығанмен сол жағдай қазіргі заманда да жалғасуда.

Өлеңнің тәрбиелік мәні заманыңда болып жатқан келеңсіздіктерді айта отырып , сол мәслені шешуге тырысу керек дегендей:

Әр нәрсе шағымызда болып жатқан.
Жақсылық ойлаңыздар, біздің халық,
Тастаңыз жамандықты толып жатқан,
Құрметті ел билеген хакімдер де
Жыландай зәрін төгіп, сорып жатқан.

127,955 сұрақ
322,858 жауап
153,167 пікір
72,961 қолданушы