0 дауыс
Сәлеметсізбе? 2015 жылғы Кембридж сертификаты берілген мұғалімдерге қосымша пайыздық ақы неге төленбейді? Үкіметтен қаражат беріліп оқытылса, бүкіл мұғалімге теңдей берілуі керек емес пе? 2015 жылы 1 қаңтарына дейін оқығандар алса, бізге де көрсетілген үстеме бойынша да төленуі керек. 2015 жылдың 2.02-02.05 аралығында 30 пайыздықты оқып сертификатымызды қолымызға алдық. Бөліп-жарудың қажеті не? Сол мұғалімдер сияқты бізде жұмыстарды істеп жүрміз. 2016 жылға дейін мұғалімдердің бәріне төленуін сұраймыз!
21.09.2015 683 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Сәлеметсіз бе? Шыныменде,мына хабар бізге қатты әсер етті. Бөліп-жарудың қажеті не еді?  Бұл жерде кеш барғанымыз үшін кінәлі болып тұрмыз ба? Сертификат ала алмасақ та кінә тағатын еді... Ал сертификат ала тұрып, өз еңбегіміздің жемісін көре алмау үкіметке әсер етпейтін болғаны ма? Онсызда, 20-25 жылдық өтілмен жұмыс істеп, өз оқушыларымыздан аз жалақы алу намысымызға тиеді...Үкіметтен әділдік күтеміз.Төлейтін болса,барлығына бірдей төленсін!!! Қанша жылдық еңбегімізге қоса, жүйкемізді тоздырып, "Жалақымыз көбейсе,жағдайымыз жақсарадының"кебінін киіп,үлкен үмітпен оқығанымызды да ескерер деген ойдамыз...
24.09.2015
127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,996Қолданушы