0 дауыс
372 көрілді
Саламатсыздарма! Мен шілде айының 19 күні декреттік демалысқа шықтым. Қараша айының 4 күні жұмысқа түскім керек. Ол кезде маған замен төленеді деп айтып жатыр.  Қаншалықты дұрыс. Тамыз айында мені тарифтен өткізу керек қой

1 жауап

0 дауыс

Қазақстанда жүктілікке және босануға байланысты демалыс беру тәртібі Еңбек кодексімен реттеледі.

Кодекстің 99-бабында жазылғандай, жүкті әйелдерге, бала босанған әйелдерге және жаңа туған баланы асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты келесі демалыс түрлері беріледі:

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс;

Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс;

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс.

Жұмыс беруші қызметкерді қай уақытта декреттік демалысқа жібереді?

Қызметтегі жүкті әйел декреттік демалысқа шығуы үшін оған уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі. Бұл парақ тек демалысқа шығу үшін ғана емес, бала босануына байланысты жәрдемақылар алу үшін де қажет.

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – еңбекке уақытша жарамсыздықты куәландыратын және жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат.

Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын жүкті әйел тіркелген және тұрақты қаралып жүрген акушер-гинеколог дәрігер береді. Демалыс мерзімі: босануға дейін күнтізбелік 70 күн және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 күн (қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда – 70 күн). Ал ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге берілетін демалыс 170 күнге дейін ұзаруы мүмкін. Бұл санатқа жататын әйелдер қиын босанған немесе екі немесе одан көп бала туған жағдайда тағы 14 күн демалыс қосылады.

Жұмыс беруші аталған медициналық құжатта көрсетілген күннен бастап, жүкті қызметкерді жұмыстан босатуы керек.

Көп ретте декреттік демалысқа бала анасы шығатын болғанымен, бұл мүмкіндікті әкелер де пайдалана алады. Бірақ, біреуі ғана: баланың не анасы, не әкесі. Әкелердің декрет демалысына шығу тәртібі туралы informburo.kz бұған дейін де жазған болатын, ол туралы осы жерден оқи аласыздар.Оқи отырыңыз: 2019 жылы декреттік төлемдер мен жәрдемақылар көлемі қалай өзгереді?

Жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлемдер

Жұмыс істейтін әйелдер үш түрлі жәрдемақы ала алады. Олар:

Баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;

Жүктілігі және босануы бойынша табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем;

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметік жәрдемақы.

Бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы көлемі айлық есептік көрсеткішке қарай өзгеріп отырады. 2019 жылғы жәрдемақы мөлшері төмендегіше:

Бірінші, екінші, үшінші балаға – 95 950 теңге;

Төртінші және одан көп балаға – 159 075 теңге (бұл туралы осы жерден толығырақ оқуға болады).

Жұмыс істейтін әйелдер демалысқа шығарда берілетін әлеуметтік төлем түрі соңғы 12 айдағы орташа айлық табыс мөлшерін еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициентіне көбейту арқылы анықталады:

Әлеуметтік төлем = ОАТ*ЕЖК

Бұл жерде:

ОАТ – жүктілік және босану бойынша еңбек демалысына дейінгі соңғы 12 ай ішіндегі орташа айлық табыс;

ЕЖК – еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті, ол жүктілік және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағында көрсетілген күндер санын 30-ға бөлу арқылы анықталады.

Формула қарапайым ғана. Енді оны мысалмен берейік. Айталық, қалыпты босанған жағдайда жалпы ұзақтығы 126 күнді құрайтын декреттік демалыс беріледі. Сәйкесінше, еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті 4,2-ні құрайды: 126 күн/30. Декреттік демалысқа шығатын әйелдің орташа айлық табысы 100 мың теңге болған жағдайда жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшері 420 000 теңгені (жоғарыдағы формулаға сәйкес, 100 000*4,2) құрайды. Осылайша, ешбір маманның көмегінсіз әлеуметтік төлем мөлшерін өзіңіз-ақ есептеп алуыңызға болады.

Егер декреттік демалыста болған уақыт ішінде екінші балаға жүкті болған жағдайда, қызметкер бала күтіміне байланысты тағы да демалыс сұрап, өтініш жазады. Сол арқылы бұйрық шығарылады. Жұмыс орнын сақтау үшін, жұмыс берушіге қызметкер өзінің жүктілігін растайтын тиісті құжаттарды беруі тиіс. Айта кетейік, декреттегі аналар демалыс уақытында жұмыстан айрылып қаламын деп уайымдамаса болады. Өйткені бұл Еңбек кодексінің 54-бабымен реттелген:

Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүктi әйелдермен, үш жасқа дейiнгi балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғызілікті аналармен, аталған балалар санатын анасыз тәрбиелеп отырған өзге де адамдармен жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шартын бұзуға жол берілмейді.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі көпбалалы отбасылардың бәріне жәрдемақы төлеуді ұсынды

Декреттік демалыстың бүкіл кезеңі еңбек өтіліне қосылады. Екінші декреттік демалыстан шыққан қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын алу құқығына ие.

Жұмыс істейтін әйелдерге берілетін жәрдемақылардың үшінші түрі – жоғарыда атап өткеніміздей, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі үшін берілетін әлеуметік жәрдемақы.

Бұл жәрдемақы түрі төмендегіше есептеледі:

Соңғы екі жыл ішіндегі жалпы табысының көлемін 24 айға бөліп, содан кейін 0,4-ке көбейту керек. Одан 10 пайыз зейнетақы жарнасын алынады.

Мысалы, әйел босанғанға дейін бір жарым жыл жұмыс істейді. Бір жыл бойы жалақысы 180 мың, қалған алты айда 200 мыңға өсті делік. Енді осының барлығын есептеп көрейік: 180*12+200*6=3 360 000. Бұл сіздің соңғы екі жылдағы жалпы табысыңыз. Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 3 360 000/24= 140 000 теңге. Бұл – табыстың орташа айлық мөлшері. Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4-ке көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни: 140 000*0,4 = 56 000 теңге, 10% шегергенде босанған әйел ай сайын 50 400 теңге көлемінде алады.

Бұл ретте, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері 7 еселенген ЕТЖ (2019 жылы ЕТЖ – 42 500 теңге) мөлшерінің қырық пайызынан аспауға, ал әлеуметтік төлемнің ең төмен мөлшері бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Толығырақ: https://informburo.kz/kaz/dekrettk-demalys-pen-tlemder-alay-esepteled-.html

Ұқсас сұрақтар

...