+1 дауыс
379 көрілді
Сәлеметсіз бе, қазіргі уақытта мен жүктілікке байланысты дема­лыстамын және отбасылық бюд­жетімді толықтыру үшін бизнеспен айналысайын дегенмін. Нақтылап айтқанда, тапсырыс бойынша бұйымдарды тоқумен айналыс­пақпын. Сұрайын дегенім, маған кәсіпкер ретінде тіркелу қажет пе?

2 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы­ның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мына шарттардың бiреуiне сай келетiн: 

1) тұрақты негiзде жалдамалы жұ­мыскерлердiң еңбегiн пайдала­натын;
2) жеке кәсiпкерлiктен Қазақ­стан Республикасының заңдарында жеке тұлғалар үшiн белгiленген салық салынбайтын жылдық жиын­тық табыстың мөлшерiнен асатын мөлшерде Қазақстан Респуб­ликасының салық заңнамасына сәйкес есептелген жылдық жиын­тық табысы бар;
3) ауыл шаруашылығы өнімін сауда базарларының аумағында өткізетін дара кәсiпкерлер мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады. Атал­ған дара кәсіпкерлердің қызметіне мем­лекеттік тіркеусіз тыйым са­лынады.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы­ның 27-бабының 2-1-тармағына сәйкес қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланбайтын жеке тұлғалар Қазақстан Респуб­ликасының салық заңнамасында белгіленген мынадай табыстарды: 
1) төлем көзінен салық салы­натын; 
2) мүлік табыстарын; 
3) өзге де табыстарды алу кезінде дара кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқылы.
Осылайша, егер сіз жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдалан­басаңыз, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңта­рында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрамаса (ҚР Салық кодексінің 157-бабы), сізге дара кәсіпкер ретінде тіркелу қажет емес.

Анықтама үшін:

2015 жылғы ең төменгі жала­қы­ның мөлшері 21 364 теңге, яғни 12 еселенген мөлшері 256 368 теңге.
ҚР СК 180-бабына сәйкес жеке тұлғаның салық салынуға жататын мүліктік табысына:
1) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы кодекстің 180-1-бабында көрсетілген мүлікті өткізуі кезіндегі құн өсімінен тү­сетін табыс;
2) жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы кодекстің 180-2-бабында көрсетілген мүлікті (ақшадан басқа) жарғылық капи­талға салым ретінде беруі кезіндегі құн өсімінен түсетін табыс;
3) дара кәсіпкер болып табыл­майтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға жалға беруден алған табысы;
4) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы кодекстің 180-3-бабында көрсетіл­ген өзге де активтерді өткізу кезін­дегі құн өсімінен түсетін табыс жатады.
2. Жеке тұлғаның шетел валю­тасымен алған (алуына жататын) мүліктік табысы мүлікті өткізу бойын­ша мәміле жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақ­стан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен қайта есеп­теледі.

ҚР СК 184-бабы, қысқартылған нұсқада:

1. Мыналар салық төлеушінің салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетін табыстар;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын, шет мем­лекеттің дипломатиялық және со­ларға теңестiрiлген өкiлдiктерімен, шет мемлекеттің консулдық меке­мелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстары;
3) осы тармақтың 3-1) тармақ­шасында көзделген табыстарды қоспағанда, үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;
3-1) Қазақстан Республика­сы­ның резиденттері-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілердің еңбекші көшіп ке­лушіге берілген рұқсаттың негізінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шарттары бойынша алынған (алынуға жататын) табыстары;
4) тұрғын үй құрылысына үлес­тік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын жайдағы үлесті талап ету құқығын беруден түскен табыстар;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеттемеден босатылған ха­лықаралық және мемлекеттік ұйым­дармен, шетелдік және қа­зақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен және қорлармен жа­сасылған еңбек шарттары (ке­лісімшарттар) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының та­быстары.

0 дауыс
Қолмен тоқйсыз ба ? Алде тоқыма машинкаларыңыз бар ма? Менде кезынде машинкаларым боған.Қазыр қолмен тоқймын тапсырыстар аламын  және басқада қолөнерімді жайлап табыс көзіне қоданып журмін.Заңды түрде кәсіпкер деген құжатым болғанын қалаймын. Мүмкіндігі шектелген адам болсамда Мемлекетік тиесілі қөмектердін бірінде білмеймін.Шынымды айтсам мына заңнамадан түкте тұсіне алмадым.Айдос мырза , Менім жағдайымда қандай заңдар баркенін айта кетесіз бе? Қарапайым тілде түсінікті болса.
...