0 дауыс
1.8k көрілді
Бизнес – жоспар қандай мақсаттар үшін қажет?

1 жауап

0 дауыс
Бизнес жоспар-бұл өз бизнесіңізбен қол жеткіңіз келетін ісіңіздің қағаз бетіне түсірілген моделі, сонымен бірге мақсатыңызға жету үшін қолдағы ресурстарды қолдануға жоспарланған тәсіл.
Жақсы бизнес-жоспар логикалық жоспарланған әрекеттің сызбасы болып табылады. Ол бизнестің келшегін түсінуді болжайды. Өзіңізге қойған мақсаттарыңыздан ығыса отырып, мақсатқа дәл анықталған уақытында жету үшін қажетті этаптар мен ресурстарды қамтиды.

БИЗНЕС - ЖОСПАР

1.Мұқаба бет
2.Мазмұны
3.Қысқаша баяндамасы
4.Бизнестің сипаттамасы
5.Нарық
6.Ұйымдастыру және басқару
7.Қаржы жоспарлары
8.Қосымшалар

ЖОСПАРДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ.

БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІ.

Бизнестің қысқаша сипаттамасы.
Өнімнің/ қызметтің және оның өзіндік сипаттамасының қысқаша баяндамасы.
Сіздің нарық сараланымыныздың қысқаша сипаттамасы.
Басқару тобын қысқаша.
Болашақ кезеңдерге болжанған қаржы нәтижелерінің сипаттамасы.
Бизнесіңіздің басты және айрықша мақсаттары.

А. ФИРМА

Сіздің фирмаңыз қалай және қашан құрылды?
Фирмаңыздың қызметі қандай (өндіріс, қызмет көрсету, сауда)?
Қандай тауарлар/қызметтер көрсетесіз?
Неліктен бұл қызметіңіз табыс әкелу мүмкін деп ойлайсыз?
Қызметіңіздің болашақта дамуы қалай болмақ?

В. ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ

Қызмет саласының қандай түрінде өзіңізді бәсекелестік күресте көргіңіз келеді?
Сіздің қызмет салаңыз өмірлік циклдың қандай сатысында?

С. МАҚСАТТАР

Қандай стратегияны қабылдайсыз? Бизнесіңіздің алдағы 2-5 жылға қойылған мақсаттары қандай?
Дамудың қандай мүмкіндіктерін көрсете алатынын білу үшін қызмет салаңызды және оның сипаттамасын анықтап алу маңызды. Мысалы, аяқ киім өндіру және сату Қазақстан үшін болашағы бар қызмет саласы болып табылады, сонымен қатар темекі сату қызметтің қаныққан саласына ұқсайды.
Әрекет еткіңіз келетін нарық туралы неғұрлым көп білгеніңіз маңызды. Егер сіздің ұсынған затыңыз сатылмаса, онда сіздің бизнесіңіз сәтсіздікке ұшырайды.

НАРЫҚ

А. КЛИЕНТТТЕР

Кімдер сіздің клиенттеріңіз болып табылады (жас шамасы, материалдық жағдайы, әлеуметтік дәрежесі).
Сіз ұсынып отырған тауар/қызметті сатып алу үшін клиенттерді не мәжбүрлеу мүмкін?
Әдетте олар қанша ақша жояды?
Олар тауардан қандай жаңа сипаттамалар көргісі келеді?
Олар қандай баға төлеуге дайын?
Неге сіздің тауарыңызды сатып алады деп ойлайсыз?

В. ТАУАР/ҚЫЗМЕТ

Өзіңіздің қыметіңізді/тауарыңызды анықтаңыз:
нарыққа нақты қандай тауар/қызмет ұсынасыз?
Ол қандай қажеттілікті қанағаттандырады (сән бойынша киінгісі келеді және т.б.)?
Ол қандай әдіс арқылы сатылады (Сіздің дүкеніңізде, клиенттте, көтермелеп)?
Сатып алушы сіздің тауарыңыз/қызметіңіз туралы қалай біле алады? (жарнама, ілгері басу)?
Сіздің тауарыңыз/қызметіңіз қандай экономикалық параметрлермен сипатталады?
Қандай бағамен сатылады?
Шығындар қанша болмақ?
Ол қаншалықты пайда әкеледі және бәсекеге қабілетті

С. НАРЫҚ СЕГМЕНТТЕРІ

Сіздің нарығыңыз қайда орналасқан?
Сіздің нарығыңыз қаншалықты ауқымды?
Бұл дамушы нарық па? Оның даму қарқындылығы қанша?
Сіздің нарығыңыздың тенденциялары қандай?
сіздің нарығыңыздың қандайда бір ерекшеліктері бар ма?

D. БӘСЕКЕЛЕСТІК

Сіздің басты бәсекелесіңіз кімдер?
Бәсекелесіңіздің тауарының/қызметіңіздің сапасы қандай?
Олардың беделі қандай?
Оларға клиенттері адал ма?
Олар тауарын/қызметін қалай таратады?
Олардың нарық сегменті қаншалықты ауқымды?
Сіздің және олардың қандай артықшылықтары бар: қорлары, менеджерлер, патенттер?
Осы сұрақтарға жауаптан кейін өзіңізге МАҚСАТТЫ НАРЫҒЫҢЫЗДЫ тауарыңыз-қызметіңіз үшін анықтауыңызға болады.
Мақсатты нарық – бұл өз назарыңызды шоғырландыратын, тұтынушылар тобы. Егер сіз өзңізде мақсаттық нарықты дұрыс анықтасаңыз және жігеріңізді оны қанағаттандыруға бұрсаңыз, онда сіздің сәттілік мүмкіндіктеріңіз артпақ.

А. ӨНДІРІС ПРОЦЕСІ

Өндіріс процесін және оның негізгі этаптарын сипаттаңыз, олардың әрқайсысына қажетті қормен уақытын белгілеңіз.
өндірістік қажеттілітерді сипаттаңыз: шикізат, жабдықтаушы, сапаны бақылау тәсілдері және т.б.
Қандай қондырғыларды/машиналарды қолданатын боласыз?
Өндірістік процессті, сонымен қатар тауар/қызмет үшін дүкен/кеңсені  қалай ұйымдастыратын боласыз?

В. БАСҚАРУ

Фирманың ұйымдастыру құрылымдары қандай?
Бизнесті кім басқаратын болады?
Басқарушылардың құзыреттері қандай?
Штатты қадағалау қалай жүзеге асатын болады?

С. ШТАТ

Сізге қанша жұмысшы қажет?
Олардың біліктілігі қандай болу қажет?
Сізге қажетті жұмысшыларды қандай табасыз?
Оларды қалай оқытпақшысыз?
Олардың еңбегін қалай өтемексіз?
Қандай кеңестерді қажет етесіз?

ҚАРЖЫЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР.  БИЗНЕСІҢІЗДІҢ ПАЙДАСЫ МЕН ӨМІРШЕҢДІГІНІҢ БАҒАЛАНУЫ.

Бір жыл ішінде жеке қажеттіліктеріңізге қанша қаржы жұмсамақшысыз?
Бірінші жылдағы бағалық кірісіңіз қанша?
Фирманың құрылуы қанша тұрады?
Қандай қор көздерін қарастырасыз және оның тағайындалуы қандай?
Жалпы қаржылық қажеттіліктеріңіз қанша болады?
Алдағы 3 жыл ішінде болжанатын кіріс қандай?
Қызметтің бірінші жылында ай сайынғы қаржы көздерінің жылжыуы қандай болады?
Актив, пассив, жарғылық қор болжамы қандай?
Тиімділік табалдырығы қандай болады?
қолданылған әдебиетімен тауып беріңізші өтініш
...