+6 дауыс
576 көрілді
Кей қазақтардың қазақша дұрыс сөйлей алмай тілін шұлдірлетіп, бұратылып сөйлегенде қандай сезімде боласыз. Олар соны тіптен мақтан көріп қарқылдап күледі.

6 жауап

+2 дауыс
Дұрыс айттыңыз,
+3 дауыс
Барлық мәселе адамның намысында. Ой санасында. Олар үшін ұлт, тіл, дін деген ұғымдар маңызды емес. Ондай адамдардан Астанада аяқ алып жүре алмайсың!  Көрген кезде жаным ашиды. /қаным қараяды/.
+2 дауыс
Неге сендер бірден оларға  ұрсасыңдар?Олар не өздері орысша мектепті таңдап па? Уақыт сондай болған)
Оларға әрине ұрса алмаймыз!!  Тек қаның қарайады да қояды. Ал ниеттері бар болса қуанып қаласың!!
Уақытты кіналау өзінен жауапкершілікті алып қашу. Қашқақтай берсең қашан ел боласың?
Барлығыда үкіметіміздін қолынан түкте келмейтіндігінде гой, қарандаршы Сингапур,Малайзия, тіпті корші Өзбек акаларды, типти Литва мен Латвияғада карандаршы, Оларды үкметтері "Моледец"!!!
Бунын себебі КСРО Кезенындегы Ултсыздандыру заманы булай сойлеуымызге себеп бболды деп ойлаймын
Белгісіз
+2 дауыс

Бүгінімнен бүгін тағы жалықтым...

Мұңын жоқтап жүре-тұғын халықтың

Көк сандыққа көз жіберіп отырып,

Оңашада ойға кетіп қалыппын...

 

Құрығынан босатпайды-ау қиял түк,

Бүгінгіден бала күнгі күн артық:

Үрейленсем қараңғыдан, үлкендер

«Итақай» деп айтушы еді ұялтып...

 

Бара-бара бағытым да болды өзге

(Бақыт күтіп болып алдым жолкезбе.)...

Жолдасымды көріп қалсам бір қызбен

«Итақай» деп мазақтаушы ем сол кезде.

 

Балалықта мәңгі-бақи болар ем,

Қимай-қимай айрылысты жол әрең.

Содан кейін бал күндерім кетті алыс,

Содан кейін ұмытылды сол әуен.

 

Содан кейін басталды ғой сан бүлік,

Балалығым қалды арман боп мәңгілік...

...Теледидар бөліп кетті ойымды,

Тілім тістеп тұрып қалдым мәңгіріп:

 

Ақымақтың құлағы жоқ мені естір,

Қозы қарны салбыраған министр

Қашырып тұр қазақшаның қадірін,

Естілерге ұқсайтын да емес бір...

 

Он сан ойды ойран етті ол бәлем

(Бұған ыза байсалдырақ болды әрең...)!

Теледидар ұқсап кетіп үйшікке,

«Итақай» деп айтып қалдым сонда мен...

«Ит ағай!» деп айтып қалдым сонда мен...  деп жазыппын балаң кезде.

Балаң кездегі өлеңіңіз болса да тамаша екен!yes

Керемет,атқан оқтай.
+2 дауыс

Олар орысша мектепті бітіргеніне кінәлі емес десек те,  кейін қазақ тілін үйреніп алуға болатын еді ғой. Біле-білсеңіз қазір барлығы орысша сөйлейтіндергі қаным қараяды деп айтып алады да өздері орысша сөйлейді, тіпті жаргон сөздерін жатқа білетінін қайтерсіз...laugh Оларға мысал келтірсек:  еще, даже, уже, ты что, осылай кете береді ғой.

0 дауыс
Қазақстанда қай ұлтты көрдің өзтілін ұмытқан ал қазақтар өз жерімізде жүріп  тілімізден, әдет-ғұрпымыздан, т,б құндылықтарымыздан ұмытып жатырмыз бұл негедеген намыссыз адамдар.
...