+3 дауыс
2.9k көрілді

Бәрі қазір өз тілдерін неге құрметтемей кетті ? Бәрі өз тілдерін ұмытты өз тілдерін жоқ секілді орысша сойлейді?

Бәрі дегеніңе келіспеймін. Бір де бір орысы жоқ ауыл, аудан бар.

16 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Бірден бір себебі-біз совет үкіметінен ажырап тәуелсіздік алғанымыз кеше ғана,орыстанып кеткен ҚАЗАҚ енді бас көтеріп жатыр.Қазақ тілінің болашағы АЛДА және біздің қолымызда!!!!

+3 дауыс

Бәрі демеңіз..сол арқылы олардың қатарына өзіңізде кіріп кетесіз..ия,қазір орыс тілінде сөйлеушілер бар..олардың кейбіреуі еліктеушіліктен.Алайда,кейбіреулердің тұратын ортасына да байланысты болады.СЖ-дағылар қазақпыз деп қазақ тілінде сөйлеушілер.

+3 дауыс

Дұрыс айтасың бауырым. Қазіргі кезде жастар өз ана тілін ұмытты.Бәріде орыс тілінде сөйлейді.Мысалы біздерге бір орыс орысша сөйлесінші соған біздер орысша жауап береміз, неге??? Неге, олар біздің елімізде тұрып қазақша сөйлемейді,біз неге орысша сөйлеуміз керек??? Бұл заман не болып барады.....

+3 дауыс

Шынында да, қазір көптеген адамдар әсіресе қалалықтар орысшаны сөйлеп қазақшаны тастап кетеді. Басқа тілді білсең біл бірақ ана тілін ұмытпау керек қой. Орыстар өз тілін қатты құрметтейді. Ал біздер яғни қазақтар орыс тілін білмесек бір - бірімізден сол орыс тілі үшін ұяламыз.

–1 дауыс

Кім айтты жастар деп келіспейм сендермен Мысалға: бізде (Алматыда) қай жерге барсаңда больница, немесе бір документ жасатуға бір жерлерге барсаң үлкен кісілер жұмыс істеп отырған солар орысша сөйлеп отырады амалсыздан үйренуіңе сөйлеуіңе тура келеді. 

+2 дауыс

Қазақ тілін құрметтемейтін қазақтардың өзі я мен сізбен келісемін!!!!!!

+2 дауыс

Бәріне топырақ шашпайын.Қазіргілердің көбі орысша сөйлейді тілді құрметтеймейді.

+2 дауыс

Сұрағың өте орынды.Қалаға бару үшін орысша білу керек.Ресми тіл негізі орыс тілі болғандықтан шығар.

+2 дауыс

Көпке топырақ шашпаңыз!Сіздің қойған сұрағыңыз дұрыс болар бәлкім бірақ бәрі деп айтқаныңыз орынсыз!Сж сайты арқылы қазақ халқының тілін сақтап қалайық!БІзде қазақша сөйлейміз сізде қазақша сөйлейсіз!Тіл жоғалса,елде жоғалады демей ме?Шүкір бармыз!

+2 дауыс

Көбіне өскен ортасы мен араласатын ортасының әсері болып жатады. Бірінші кезекте, әрине адамның  өзіне байланысты. Мейілінше көп тілді меңгеруге ұмтылу керек, бірақ қашанда ана тілімізге деген құрметіміз бірінші орында тұру керек.

+1 дауыс

мәселені дұрыс көтеріп отырсың, кейінгі кезде тіптен көбейіп кетті мұндай жағдайлар. мысалы солтүстік аймақтарда "Қазақ тілін көтеру" туралы қоқыс жәшігіне үндеу жазыпты, шынжаны ашыса басқа жер табылмаппа, бұл сорақылық ана тілді аяққа таптау.сондай-ақ коптеген дүкендерде мынадай жарнамлар ілініпті "кір өшіргіш (жуғыш) ұнақ, мужские трусы-сөзі еркектің қорқақтары, майлы крем-семіз крем дегенсияқты аударылыпты", олаз болғандай Макпал Исабековадеген реейге концертке барып орысша сайрап, казакша ан айтпак тугйл тындамаймын-да деп сұқпат берсе керек. сөиткен Мақпал қазіргі таңда  шоу бизнесте қазақтың арқасында шалқып жүр. ал шет елдерде азаматтығынан айыраһып елден қуар еді...........

0 дауыс

Біріншіден жастар орысша сөйлейді дегенге келіспеймін,жастар емес жоғарыда отырған әкім-қаралар,шенеуніктер ана тілін менсінбейді,теледидардан қарасаңыз үкімет отырыстары,жиын,бас қосу бәрі орыс тілінде жүреді,Қазақстан Ресейдің филиалы сияқты.Екіншіден Совет үкіметін кінәлау дұрыс емес,неге десеңіз Совет үкіметіне тек қазақтар кірген ештенесі жоқ,көрші өзбек ағайындар да болды,оларды қазір қараңыз,орысша сөйлемейді олар,тіпті орыспен туыс деген украиндарың орысша сөйлемейдіЖоғарыдағы адам(дар)дың өзі ана тілін менсінбей орысша езеуреп отырғанда,басқасы не қылсын қазақ тілін,"Балық бастан шіриді" деген осы.Сондықтан бар кінәні өзімізден іздеу керек,ағайын!

0 дауыс

Кейбір ауылдық жерлерде қазақ жігіттері,қыздары бар.Мен өз тілімді құрметтеймін.

0 дауыс

Мен түсінбеймін, неге адамдар барлығы туралы негатив сөйлейді? Талап етіңіз қазақша және тәртібіңіз, келтірген аргументтеріңіз толық сауатты болса ол да өз ықпалын тигізеді.

Мемлекеттік тілдің дамуы бізден басталмай ма, сондықтан әркім өз әрекеті үшін ұялмай жауап бере алатын болса деген ой бар.

КСРО 30.12.1922-26.12.1991 ж аралығында өмір сүрген. Бас аяғы 70 жылға жетер-жетпес қана жыл. Бұл үкімет құрылардан бұрын Алашорда автономиясы құрылған. Тамаша алтын адамдар, сауатты азаматтар еңбек еткен.

 

Қазақ елінің азат мемлекет болып жарияланғанына, биыл 22 жыл (Кеңес үкіметінің орнаған уақытының 1/3 бөлігі, аз уақыт болмады). Егер әлі де тіл туралы жылаудан аса алмай жүргендер болса, ұят дегеннен басқа айтар жоқ. Мәселе негізі тілде емес, мәселе әркімнің ішкі түйсігінде. Талқылап, сынап-мінегенге шебер-ақ. Бірақ өзі сынап отырған дүниелердің орнын толтыру жолында қарапайым бір әрекет етіп, нәтиже шығарып жатқандары сирек. Кей адамдарды байқадым, қарапайым конституциялық заңдардың негізгі баптарын, азаматтық кодекстердің негізгі қарапайым заңдарын білмей, жеке бастық құндылықтарын қорғап, талап ете алмай, өз білмегенінің салдарынан, мемлекетті, қоғамды кінәлі еткісі келеді. Бұл әрине жақсы емес.

+1 дауыс

Осы неге ботадай боздай бересіздер, өліп бара жатқан қазақ тілі жоқ. Осы инетте қазақша сайттардың барлығында таза қазақ тілінде араласады. Сол сияқты мекемелерде де қазақтар өз тілімізде сөйлейміз. Ал басқа ұлттардың өз тілінде сөйлеуге құқтары бар емес пе, сөйлей берсін.

...