+2 дауыс
459 көрілді

Мемлекеттік тілді дамыту институтының құрметті мамандары! Сізге қоятын сұрағым бар. Түркі тілдерінің көбісінде қолданылатын парсы тілінің "ки" жалғаулық шылауын неліктен өзіміздің қазақ тілімізде, әсіресе заңи құжаттамаларда қолданбасқа? Аталмыш шылау, орыс тілінің "что, который" сөзіне пара-пар келеді және жоғарыда аталған түркі тілдерінде келесі мақсатта қолданылады, мәселен: "Он сказал, что придет завтра. Ол айтты-ки, ертең келеді". "Дело в том, что человек, который занимается данным вопросом, сейчас в отпуске". "Іс сонда-ки, осы мәселемен айналысатын адам қазір демалыста". Заңи құжаттамаларды аударған кезде, осымен байланысты көптеген қиындықтар туындап тұрады, әсіресе салалас құрмалас сөйлемдер мен сабақтас құрмалас сөйлемдерде. Біздің қазақ тілімізге осы шылау сіңіп кете алар ма еді, Сіздердің ойыңыз қандай?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

өте дұрыс

бұрын да қолданылған екен

 

Қыпшақ тіліндегі көне мәтіндерді мысалға келтірейін:

Айттым, ки болмагайлар фарах мендә дүшманларым меним, сескәнгәнләримә аяхларымның меним үстүмә меним улу-улу сөзләдиләр.

Сілтемесі: http://www.qypchaq.unesco.kz/Docs/Qypchaq-Heritage1/661-Neth.pdf

+1 дауыс


ф.ғ.к., доцент Б.Ж.Исхан

Ұсынысыңыз орынды, бірақ сіз айтып отырған «ки» демеулік шылауы тілімізде бар болғанымен, қолданылуы аса белсенді емес қой. Оны сіз бен біз өзіміздің айтып-жазған сөздерімізде жиі қолданып, жалпыхалықтық белсенді сөзге айналдыра алсақ, «Ол келем деген (Он сказал, что придет завтра)» деп айтатынымызға балама (синоним) айтылым (выражение) болып кетер еді-ау! Демек, қандайда бір сөздің жалпыхалықтық сипат алып, әдеби нормаға айналуы халықтың қалауына және оның қолданылуына байланысты. Мәселен, «семья» сөзінің әдеби баламасы – «отбасы» деп бекіттік, алайда халыққа жасанды сөз «жанұя» ұнап қалып, жиі қолданылып жүргені белгілі.
http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

...