Ішіп жейтін тамақтарыңда дәрумендер жеткілікті болу керек. Кола, чипсы , гамбургер, бутерброд сияқты асқазанға зиянды тағамдар мен энергетикалық сусындардан бас тарт. Оның орнына айран -сүт , қымыз, қазы -қарта , теңіз өнімдерін, көкөністер көбірек жеп тұр. Адам ағзасына қажетті дәрумендер, ақуыздар т.б түсіп тұру керек. Жаттығулар жасап, жүгіріп , секіріп дегендей тұрақты түрде спортпен айналысып жүр .Қайғысыз қара суға семіреді дейді. Салмақ қосу үшін тек дұрыс тамақтану мен жаттығулар жеткіліксіз, жаның тыныш болу керек. Әр нәрсеге мазасызданып, күйгелектене бермей, көңіл-күйді бірқалыпты ұста. Мүмкін үйленген соң салмақ қосарсың, көп жігіттер үйленген соң толып кетеді ғой.