Коучинг жоспары
Тақырыбы: «Бірлескен және топтық жұмыс тиімділігі»
Мақсаты: Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс туралы мәлімет беру. Топқа бөлу әдістерін үйрету
Түйінді идеялар:Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау;
Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын
арттыру және топпен жұмыс жасауда ынтымақтастық орнату. Жан-жақты қарым қатынас жасау-өзгелердің пікірімен санасу
Күтілетін нәтиже: Коучинг соңында әр мұғалім топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;
Ортада жайлы әрекеттестік орнатады, өз идеяларын зерделеп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды.
Ресурстар: мұғалімге арналған
нұсқаулық, видео топтық жұмыс туралы
Әдіс тәсілдер: ынтымақтастық және
бірлескен жұмыс, диалогтық оқыту, СТО, АКТ, оқытудағы басқару және көшбасшылық.
№ |
Коуч әрекеті |
Мұғалімдер әрекеті |
Уақыты |
1 |
Жағымды психологиялық
ахуал туғызу
Амандасу – таныстыру
жаттығуы
(әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне
қарай бойындағы жеке қасиетін қосып
айту керек, мысалы Мен Ләззат – лағыл тастай жадырап жүргенді жақсы көремін,
т.б.) |
Әріптестердің арасындағы өзара қарым-қатынас жақсарады.
Коучингтің сәтті өтуіне ықпал жасалады. |
2 минут |
2 |
Геометриялық фигуралармен
топқа бөліну. Фигураларға сипаттама беру |
Топқа бөлінеді. Топтың жұмысы жақсарады, барлық топ мүшелері белсенді қатысады |
2 минут |
3 |
Түрткі:
Шағын топта жұмыс жасаудың
қандай ережелерін ұсынасыздар?
Әріптестер қалай ойлайсыздар, бүгінгі талқылауға салып отырған тақырып не туралы деп ойлайсыздар?
Коучингтің тақырыбымен
таныстыру.
Мақсат, міндеттерін
әріптестермен бірге талқылау |
Топ мүшелері бірігіп, өз ережелерін ұсынады.
Коучингтің тақырыбын тауып, мақсат-міндеттерін айқындайды |
2 минут |
4 |
Топтық жұмыс
І топ: Шағын топта
талқылау жүргізуде мұғалімнің ролі
ІІ топ: Топтық жұмыста
кездесетін кедергілерді жою жолдары
ІІІ топ: Топтық жұмысты
ұйымдастырудың тиімділігі? |
Топ мүшелері бірігіп жұмыстанып, постер қорғайды |
10 минут |
5 |
Топтық жұмыс түрлері туралы мәлімет беру. «Каздар сабағы» бейнежазба көру. талдау |
Мұғалімдер қосымша деректерін келтіріп, бейнежазба бойынша ойларын ортаға салады. |
7 минут |
6 |
Рефлексия «Нысана»
- Коучингте ең бірінші не
ұнады?
- Не ұнаған жоқ?
- Өзің жаңадан не білдің?
- Алған әсеріңіз қандай? |
Стикерге коучингтен алған әсерін жазып, тақтаға іледі. |
2 минут |