0 дауыс
1.3k көрілді
«Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы», Берілген жоспар бойынша 9-10-11 сынып оқушыларымен өткізілген коучинг жоғары нәтиже көрсетті. Себебі оқушылар өз ойларын ашық айтуға, ҰБТ-ға дайындық кезінде кездесетін кедергілерді жоюға, оқушылар арасында көшбасшылықты дамытуға үйренді.

1 жауап

0 дауыс

Коучинг тақырыбы: «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы»
Коучинг жоспары

Күні: 20.11.2014
Коучинг тақырыбы: «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы мектеп, ата-ана, мұғалім және оқушы көшбасшылығы»
Сілтеме: Нұсқаулық, суреттер, презентация, бейнежазбалар, ғаламтор материалдары.
Мақсаты: Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда мұғалімнің, ата-ананың көшбасшылығы туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.
Оқыту нәтижесі: Топтаса жұмыс атқара отырып, оқушының, мұғалімнің, ата-ананың және мектеп әкімшілігінің ролі және көшбасшылығы туралы түсінік қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.
Негізгі идеялар: Оқушы, мұғалім, ата-ана және мектеп әкімшілігі өз бойындағы жігерін, шыдамдылығын жетілдіру арқылы көшбасшылыққа ұмтылады. Білім, дағды, біліктіліктері дамыйды.
Тапсырмалардың түрлері: Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.(ассоциациалау, постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу)
Тренинг «Шаттық шеңбері» бір-біріне таңдаған мамандығына қарай жақсы көңіл-күй тілеу Мысалы Ақбота саған мықты аудармашы болуыңа тілектеспін... 3 минут (әр топқа 1 минуттан)
Топқа бөлу Алдын ала дайындалған «мұғалім», «ата-ана», «оқушы» сөздері жазылған стикерлер тарқатылып, кімге қай сөз түссе сол топқа бірігеді. 2 минут
Кіріспе тапсырма СТО-ға бағытталған «Три Я» бейнежазбасын тамашалап, талдау (2 мин 42 сеунд) 10 минут (әр топқа 2 минуттан)
“Көшбасшы”, «Өмір» сөзін қалай ассоциациалауға болады? Сіздердің өмірдегі мақсаттарыңыз қандай және осы өмірдегі бүгінгі күнде жеткен жетістіктеріңіз? 6 минут
«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы. Сөйлемдерді аяқтаңыз: Түйін: Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін, тұлға. 3 минут
№1 тапсырма ҰБТ-ке дайындықтағы мүмкіншіліктермен кедергілер, кедергілерді жою жолдары. (кластер) 7 минут
Бейнежазба «Бала тәрбиесі» бейнежазбасын тамашалап, талдау (4 минут 15 секунд) 9 минут
№ 2 тапсырма Мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар, мектеп әкімшілігі топтарына «Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудағы көшбасшылық» тақырыбына постер қорғау. 10 минут
Тренинг-сергіту «Кім жылдам» ойланбай жауап беруге арналған сергіту сұрақтары 3 минут
№ 3 тапсырма «Мен ұбт-ке дайынмын» Қалай дайындалу керек , мен қалай дайындалып жатырмын? Әр топ өз ойларын ортаға салады. 7 минут
№ 4 тапсырма Рөлдік ойын. Әр топ өзіне берілген тапсырмада «Сабақта және сабақтан тыс кезде» көрсетілімін ролімен алып шығып, әр топ өзінің рөлін сомдау керек. Тақтада оқушы мен ата-ана, оқушы мен оқушы, мектеп әкімшілігі мен оқушы, мұғалім мен оқушы суреттері ілінеді, сол суреттер рөлін сомдайды, қорғайды. 15минут
Бағалау Топтарға ат қою арқылы бағалау Дарынды топ - Ізденімпаз топ - Креативті топ - Көшбасшы топ 5 минут
Рефлексия-Кері байланыс Екі жұлдыз, бір тілек 7 минут

Анықтама: жоғарыда берілген жоспар бойынша 9-10-11 сынып оқушыларымен өткізілген коучинг жоғары нәтиже көрсетті. Себебі оқушылар өз ойларын ашық айтуға, ҰБТ-ға дайындық кезінде кездесетін кедергілерді жоюға, оқушылар арасында көшбасшылықты дамытуға үйренді. Коучинг барысында оқушылар белсенділікпен қатысып, көптеген мәселелердің шешімін табуға әрекет жасады. Бейнежазбаларды тамашалау арқылы СТО қабілеттерін дамытып, бір-бірлеріне сол бейнежазбалардың мағынасын терең түсінуге көмектесті. Рөлдік ойындар арқылы оқушылар мектеп өмірін, мұғалімдерге сыр болған тұстарын қолдай отырып көрсетіп берді. Коучинг нәтижесінде ұстаздар да, оқушылар да, ата-аналар да өздеріне керекті мәліметтерді алып, қорытынды жасады. 

Ұқсас сұрақтар

...