0 дауыс
1.9k көрілді
«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өткізген іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелері, Мұғалімдерге коучинг жүргізу әдістемесін пайдалана отырып, мектепте шағын шығармашылық топ құру, коучинг жүргізу, жаңа бағдарлама және жеті модульмен таныстыру жолдары?

1 жауап

0 дауыс


Оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілетін өзгерістердің сапалық ықпал ету дәрежесі мен қорытындылары:
1. Менің «Мектептегі тәжірибе» кезеңіндегі басты мақсатым: 
Мектептегі мұғалімдердің оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты жеке түсініктерін дамыту және оқушылардың өзін-өзі дамыту, өз білімін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру арқылы сабақта топтық жұмыс пен кері байланыс әдіс-тәсілдерін пайдалану және оқушылардың шығармашылық қабылеттерін арттыру болған. 
Келесі міндеттерді орындау арқылы: 
1. Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату. 
2. Оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру. 
3. Оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату. 
4. Оқушылардың бірлесе жұмыс істеу барысында сабақтарына деген қызығушылықтарын, ынтасын, ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын дамыту. 
5. Өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын түсіне білуді дамыту. 
Келесі соңғы нәтижеге қол жеткізгім келді: 
• Оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін мұғалімдер қалыптасады; 
• Оқыту үшін бағалаудың оқу үдерісінде елеулі рөл атқаратынын түсінеді; 
• Формативті бағалаудың кері байланыс әдісімен және оның түрлерімен танысады, оларды оқу үдерісіне енгізеді; 
• Топтық жұмыс түрлерін оқу үдерісінде жүйелі түрде қолданады; 
• Кері байланыс және топтық жұмыс нәтижесінде алынған деректер негізінде сабақтарын жоспарлайды; 
• Сабақты жоспарлауда «оқушы үнінің» қаншалықты маңызды, әрі пайдалы екенін түсінеді; 
• Оқушылар оқу барысында өздерінің бұрынғы жетістіктерін пайдалана біледі; 
• Өз жұмыстарын бағалап, тиісті қорытынды шығарады; 
• Сабақ барысында өз-ара қарым-қатынас жасап, бір-біріне көмектеседі; 
• Проблемаларды шешу дағдыларын пайдаланып,тиісті әдіс-тәсілдерді таңдай біледі. 

Жоғарыда көрсетілген соңғы нәтижелерге жетудің аралық нәтижелері: 
1. Үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесіне келесідей өзгеріс енгізуге бағытталды: 
· Негізгі Факторлары - сыныптарда оқытуды басқарды; 
· Олар келесі ойлау жолдарын игерген мамандар: 
- Оқу үдерісін білу; 
- Сын тұрғысынан ойлау; 
- Дарынды оқушыларды анықтау; 
- Қалай оқу керектігін үйрену. 
· Олар келесі жұмыс әдістерін пайдаланды: 
- Оқыту үшін бағалау; 
- Диалогтік оқыту; 
- Тәжірибе туралы рефлексия. 
· Олар келесі жұмыс құралдарын пайдаланды: 
- АКТ-ны қолдану; 
- Сандық технологиялар; 
- Қалыптастырушы бағалау; 
- Өзін өзі және өзара бағалау; 
- Орта мерзімді жоспарлау және бағалау 

2. Екінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесіне келесідей өзгеріс енгізуге бағытталды: 
· Негізгі Факторлары - Мектепте мұғалімдерді оқытуды басқарды; 
· Олар келесі ойлау жолдарын игерген мамандар - бірлескен топтық жұмыс; 
· Олар келесі жұмыс әдістерін пайдаланды: 
- Коучинг және тәлімгерлік; 
- Lesson study; 
- Іс-әрекеттегі зерттеу. 
· Олар келесі жұмыс құралдарын пайдаланды: 
- Коучинг және тәлімгерлік жоспары; 
- Жұмыс жоспары. 

3. Бірінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдер өздерінің оқыту тәжірибесіне келесідей өзгеріс енгізуге бағытталды: 
· Негізгі Факторлары - Мектепте оқытуды мен желілік қоғамдастықты басқарды ; 
· Олар келесі ойлау жолдарын игерген мамандар 
- Желілік қоғамдастық 
- Дамытуды жоспарлау. 
· Олар келесі жұмыс әдістерін пайдаланды: 
- Мектеп көшбасшылығы; 
- Желіні кеңейту. 
· Олар келесі жұмыс құралдарын пайдаланды: 
- Мектепті дамыту жоспары; 
- Зерттеу жұмысы.

Ұқсас сұрақтар

...