0 дауыс
3.0k көрілді
Өз сабақтарыңызда диалогтік оқытудың тиімділігін қалай анықтауға болады деп ойлайсыздар?

1 жауап

0 дауыс
«Диалогтік оқытудың тиімділігі»

1934 жылы Л.Выготский өзінің «Ой мен тіл» атты еңбегінде оқу үшін әңгімелесудің маңызды екенін тілге тиек еткен.Л.Выготский танымдық дамудың оқушылар өздерінің «Жақын даму аймағында» ( (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен.ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда, оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек.Бұл қолдау қарым қатынасты қамтиды және де Выготский бұл жағдайда оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.

Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

Тіл – тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы. Негізінде, білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады.

Александер (2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Александердің пайымдауынша, диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ойталқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады.

Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Әңгіменің үш түрін көрсетті.

• Әңгіме-дебат

• Кумулятивтік әңгіме

• Зерттеушілік әңгіме

Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс анықталды. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады.

·8-сыныпта «Бөкей хандығының құрылуы тақырыбында» ашық сабақ өткіздім. Оқушыларды екі топқа бөліп, Жәңгір хан жүргізген шаралардың жағымды және жағымсыз жақтарын айтқызып әңгіме дебат құрғыздым. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін қорғады, постер жасады, сыни тұрғыдан ойлауға үйренді.
...