+3 дауыс
51.4k көрілді
Тема: Қаратпа сөз

Әжесі мен немересінің диалогін (қаратпа сөздерді кірістіре отырып) жазып шығыңдар.

-сəлеметсізбе əже
- Сəлем балам
- Қалайсыз?
- Жақсы. Өзің калайсың? Сабағың қалай?
- Жақсы, рахмет! Сабақта мен ең жақсы оқимын! Бүгін 5 алдым, əже!
- Керемет. Қай сабақтан алдың 5-ті?
- Қазақ тілінен жəне тарих сабақтарынан алдым.
- Ал менің немерем ең ақылды ғой иа?! Енді тамақ жеп алайық, жүр балам!
- Мақұл əже!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Әжетай, бүгін мен көрші Кәлима апайдың үйіне барып су тасуға көмектесіп келдім,

Айналайын, ботам-ау, өркенің өссін.Үлкен адамдарға көмектесу адамгершіліктің белгісі, балам.

—Ол кісі маған үлкен алғысын білдірді. Және келесі жолы маған кітап сыйлаймын мен уәде берді )))

Құлыным-ау, ол қандай кітап болды екен? Сенің кітапты сүйіп оқитыныңды сезіп қойды ма екен?!

—Білмедім, әже, мен жолай келе жатып қазір оқып жүрген "бір атаның балалары деген" Мұхтар Махауинның шығармасы туралы айтқанымнан шығар)

+1 дауыс
Қарт əже көшеде келе жатса, екі бала дауласып тұр екен.

- Əже əже! Тоқтай тұрыңызшы?— депті біреуі. Қарт əже таяғын беліне көлденең ұстап тұра қалды да:

- О не, балаларым?— депті.

- Онша ештеме де болған жоқ, əже. Мынау меніц добымды ұрлап әкетіп еді, енді кешірім сұрап әкеп тұр,— депті екіншісі.

- Сен кешірдің бе, балам?

- Кешірдім, бірақ ұрлағаны үшін жағынан тартайын деп едім.

Сонда қарт:

- Жоқ, олай істеуге болмайды. Айыпты келсе қасыңа, сабырлық жаса басыңа,— деп карт жүре беріпті. Екі бала қарт сөзіне риза болып, өзара қол алысып татуласыпты да, қартқа не дерін білмей мелшиіп тұрып қалыпты.
0 дауыс
Астана туралы ата мен немере арасындағы диалог.

- Ата, сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсің бе, құлыным!

- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?

- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?

- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.

- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?

- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.

- Көп рахмет сізге, ата!

- Оқасы жоқ, құлыншағым!
...