0 дауыс
Мен 11-сыныпта оқимын. Құдай қаласа, ҰБТ тапсырамын. Міне, дәл осы жерде мені бір мәселе ойландырады. Менің таңдау пәнім - физика. ҰБТ кезінде физикадан 25 есепті шығаруға басқа пәндерге қарағанда уақытым көбірек кетеді. ҰБТ тапсыру кезінде таңдау пәнінің ерекшеліктері ескерілмеген. Мысалы, ҰБТ кезінде физика, химия, т.б. пәндер есептеуді қажет етеді де, уақыт айтарлықтай көбірек кетеді. Ал, география, қазақ әдебиеті, т.б. пәндер есептеуді қажет етпейді. Әрине, өз пәннің өз қиындығы бар. Бірақ, бұл нәрсе тайға таңба басқандай айқын білініп тұр емес пе?
17.12.2011 1.3k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Мен бір сабақ оқымаған баланы танимын. Ол да ҰБТ-дан физика таңдады. Есепті Талапкер бойынша шығарып, тек шығатын мәндерін жаттап алған. Қалай екенін білмеймін бірақ сол пәннен 25 балл жинады.
17.12.2011
Математикадан да дәл осылай тесттің жауаптарын жаттап алу мүмкін бе?
Ол сіздің жаттау қабілетіңізге байланысты
+1 дауыс
Иә...бірақ бояуға да біршама уақыт кетеді. Ең әуелі, ойлануды көп қажет етпейтін тарихты, қазақ тілін, орыс тілін жасаған дұрыс! Содан соң математикаға сосын физикаға көшесің, уақыт молынан жетеді. Тек байланыс құралдарын пайдаланам деп уақытыңды ұттырып алма, өзіңе сенсең болы! Алға)
17.12.2011
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы