Мен 11-сыныпта оқимын. Құдай қаласа, ҰБТ тапсырамын. Міне, дәл осы жерде мені бір мәселе ойландырады. Менің таңдау пәнім - физика. ҰБТ кезінде физикадан 25 есепті шығаруға басқа пәндерге қарағанда уақытым көбірек кетеді. ҰБТ тапсыру кезінде таңдау пәнінің ерекшеліктері ескерілмеген. Мысалы, ҰБТ кезінде физика, химия, т.б. пәндер есептеуді қажет етеді де, уақыт айтарлықтай көбірек кетеді. Ал, география, қазақ әдебиеті, т.б. пәндер есептеуді қажет етпейді. Әрине, өз пәннің өз қиындығы бар. Бірақ, бұл нәрсе тайға таңба басқандай айқын білініп тұр емес пе?