0 дауыс
2.6k көрілді
Мақсатқа жетер жолда не істей білу керек? Психологиялық тұрғыда сөйлесеңіздер.Жай қойылған сауал емес, өзіме бірдеңе түйгім келеді.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Мақсатқа жету үшін, тек ғана бiр мақсат және оған жетудiн 100 жолын iстеп шығу керек сонда мақсатқа жету простой әрекет болып қалады! !!
+2 дауыс
Мақсаттарыңызды бір дəптерге жазып соны күнде оқыңыз. Арман мақсаттың бəрін жазып, жанына срок қойыңыз. Тура осы күні осыған жетемін деп. Жəне əрекет жасаңыз. Думай писменно дейді ғой. Бөлмеңізге немесе күнде көзге көрінетін жерге мотивация беретін сөз немесе сурет жабыстырып қойыңыз. Бұрын бір кедей отбасында күйеуі айнанвң бір бұрышына керемет машинаның суретін іліп қойыпты. Сөйтсе əйелі күнде мазақтайды дейді. Күндердің бір күнінде жігіт суреттегі машинаға өз еңбегімен жетіпті. Содан соң əйелі ойланып қалып, ертесіне шубаның суретін іліп қойыпты)) тура осы сияқты.
+1 дауыс
Мақсатқа жету үшiн қандай мақсат екенiн нақты бiлiп алған жөн. Қолға қалам алып мақсатты нақты жаз, оған жету үшiн не iстеу керек ж/е не iстемеу керектiгiн жазып бiлiп, жазбаны сақтап күнделiктi оқып жүр. Мақсатқа жету үшiн, денсаулық, отбасыңан, арыңнан басқасының бәрiн құрбан қылу керек болса құрбан ет. Жолыңа махаббат кедергi болса ысырып таста, жан ашу сезiмi, жалқаулық, көңiлшектiк кедергi болса ысырып таста бәрiн. Қысқасы мықты, бәрiне дайын бол!
+1 дауыс
Ең алдымен жалқаулықты жеңе білу керек.

http://tutormedia.ru/kursy/lychnostnii-rost-psihologia.html
+1 дауыс

Болмысты да, болмасты да

Болады деп арманда!

-М. Мақатаев-

 

1. Сіз тірі жүргенше, бәрі де мүмкін екенін ұмытпаңыз. Деніңіз сау, басыңыз еркін болса, табысқа жетуге барлық мүмкіндігіңіз бар екенін есте сақтаңыз.

2. Қиялға берілмеңіз. Белгілі бір бастаманың лезде аяғына тұрып кетуі екіталай. Әр нәрсе бастапқы кезеңінде уақыт пен шыдамдылықты талап етеді. Сіз біраз қателік жіберуіңіз мүмкін, олардан шошынып, қаша жөнелмей, нәтиже шығарып, сабақ алуға тырысуыңыз керек.

3. Сіздің рухыңыз мықты! Сіз өзіңіз ойлағаннан көп есе мықтысыз. Бір қателік, он не жүз қиындық табысқа жету жолыңызда бөгет бола алмайды. Бұған іштей сенімді болыңыз.

4. Сіздің алға қойған мақсатыңызға басқа біреудің қолы жетті ме? Тіпті, бүкіл тарихта, бар әлемде жалғыз адам соған мысал болса да, бұл сіздің сол мақсатқа жете алуыңыздың кепілі ретінде санаңыз. Сіз өзгеден кем емессіз!

5. Армандарыңызға сене біліңіз. Сіздің жолыңызда арманыңызға жете алмайтыныңызды айтатын адамдар әлі-ақ кездеседі. Ешқашан ондай сөздерге сенбеңіз!

6. Жақындарыңыздың рөлі. Туған-туыстарыңызға, дос-жарандарыңызға мақсаттарыңызға жету жолындағы шабыттандырушы, қолдаушы болуға мұрша беріңіз. Әсіресе, сіздер, ерлер қауымы!

7. Адамзат тіршілігінің деңгейін көтеруге көмек беріңіз. Мұратыңызға қол жеткізген соң, жетістіктеріңізді пайдаланып, әлемді, өмірді жақсартуға үлес қосуыңызға болады. Бұдан сіз рухани ләззат алатыныңыз сөзсіз.

8. Сіз бақытты болуға лайықсыз. Сіз бақытқа да, табысқа да лайықсыз. Мақсатыңызға жетпейінше осы ұстанымға берік болыңыз.

9. Сіз жақындап қалдыңыз... Алға қойған мақсатыңыздан тайқып, күдеріңізді үзе бастағанда арманыңыздың қол созым жерде екенін білесіз бе? Көп жағдайда адамдар сынақтың қырқына шыдап, қырық бірінде артқа қайтады. Ең өкініштісі, дәл сол қайтқан жерде мақсаты оған жақын болған болып шығады. Мұндай жағдайға қалмас үшін, жоғарыда аталған кеңестердің бәрін ескеріп, осы соңғыны үнемі жадыңызда сақтап жүрсеңіз, дегеніңізге жетесіз деген сенімдеміз.

Массагет сайтынан алынды.

+1 дауыс
Бір бағытта 10 000 сағат тынымсыз еңбек етсең жетесің!
...