0 дауыс
4.4k көрілді

Өтінемін 9 қыркүекке дейін  Жол белгелері туралы,жол ережелелеріне байланысты өлең шумақтарын  тауып бере аласыздар ма?Өтініш ол 7-сыныптың оқушысына лайықты болсын . 

1 жауап

0 дауыс
Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратын.
Жүресің бе, жүрмегенің дұрыс па.
Не істеу керек? Соған қарап ұғасың,
Қызыл шеңбер ішіндегі таңбалар,
Әлденеге қатаң тыйым салады.
Өміріңді қорғауға олар арналар,
Білемеген өкінішке қалады.

«Мына жермен жүрмегенің жөн» дейді,
«Кері бұрыл, тоқтама не бұрылма,
Сонда саған ешбір қауіп төнбейді».
Белгілердің мәнін білу — мықты күш,
Келесісі — шеті қызыл үш бұрыш.
Бұл белгілер ескертеді, біліп ал,
Көңіл бөлмей өтіп кетпе тып-тыныш.

Қиылыс па, бұрылыс па алдыңда.
Темір жолға таяп әлде калдын ба,
Өзен бар ма, көпір бар ма, ор бар ма?
Мекені ме жабайы аң мен малдың да?
Соның бәрін біліп ал да абай бол,
Сенің аман жүргеніңді қалайды ол.
Белгілердің сырын еске сақтап ал,
Болашақта жүресің ғой талай жол.

Ұқсас сұрақтар

...